Жақсы әйел ерге сүйеніш, елге мақтаныш
Жалпы келіндер жайлы жазылған ереже жоқ. Дегенмен, әр ұлттың салт-дәстүріне байланысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптардың сақталған, сақталмағандары бар. Сонау ғасырдан келе жатқан дәстүрлерімізді насихаттай отырып, жас қыздарымыздың санасына болашақ келін, ана екенін сіңдіруге ең әуелі көнекөз қариялардан қалған өсиеттер, нақыл сөздер әлі де болса солардың көзін көріп, тәрбиесін алған ұлағатты әкелер мен аналардан алып қалу біздің дәстүріміздің жоғалмауының бірден бір себебі.
Оның бер жағында Ұлы ақын Абайды тану, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов шығармаларын, ауыз әдебиетін оқу арқылы қазақ келіндерінің қандай болғанын, олардың ақыл-парасатының тереңдігін ұғыну зор көмегін тигізері сөзсіз. Бұл тақырыпты қозғағандағы мақсатым – келін атаулыны сынап немесе кінәлау емес. Өз орнын білетін жасынан ел ішінен көріп жүрген жақсы әдет-ғұрыптарды сақтап жүрген келіндерді өзгелерге таныту. Айталық, бастарына ақ орамалдарын тағып үлкенге иіліп сәлем беру. Әсіресе, ас-тойларда табақ алу, қариялардың батасын алу – қандай ғанибет. Бұдан басқа бүкіл әулеттің абыройын биік ұстап, маңайындағы үлкенді-кішілі жандардың қамын ойлап бірін анам, бірін әпкем, бірін сіңлісіндей көріп үлкендерді руға бөлмей, алдын кесе өтпей екі қолын кеудесіне қойып сәлемін салып тұрған жанды қалай құрметтемеске?! Сондай бір қазір немере сүйген әже болса да осы елге келін болып аттаған сәттен қазақтың келінінің үлгісін көрсете білген, әлі сол қалпынан таймаған, өзінен кейінгі жастарға түзу жолдан таймауға, ізеттілікті, әдептілікті бойларына сіңіре білуіне ықпалын тигізіп жүрген Өтеудің келіні Мәдинаны ауыл түгіл ауданның халқы біледі десек артық емес. Бойында мұндай қасиетімен қатар жас сәбилердің бітіміне, аяқ-қолдарының дұрыс өсуін сылап-сипаумен келтіретін, жанашырлығы мол, емшілік қасиеті атасынан дарыған шипалы қолы қаншама жанның алғысын алып келеді. Маңайына жақсы жандарды жинай білген Мәдинаның Алғабастағы бір топ келіндері Шайзатхан келіні Алтынай, Нағметулла келіні Ақнұр, Жанайдар келіні Дидар, Әбсат келіні Сандуғаш, Зеңгібай келіні Салтанат, Уәли келіні Ақжарқын, Қарқынбай келіні Әйгерім, Кәден келіні Ләззат, Піртә келіні Құрманкүлдердің көрегенділіктеріне ауылдастары дән риза. Қазіргі ХХІ ғасырдағы келіндердің де ақыл-парасаты өткен дәуірдегі келіндермен пара-пар келетіндері жоқ емес.

Енді кері шегініп тарихқа жүгінсек. Әрине бұл менің ойымнан шығарғаным емес. Қазақ халқының келіндер жайлы тарихынан қалған естелік. Найман келіні Ақсұлудың оқиғасы. Ел тарихы бойынша Қазақтың Орта жүзінен: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ, Керей деген алты ұл туып олардан алты тайпа ел тарапты. Солардың ең үлкені Арғында алты ұл, Найманда жеті ұл болған екен. Бірақ Найманның алты ұлы жастай өліп, Тоқпан деген жалғыз ұлы қалыпты. Оған Баба мырзаның қызы Ақсұлуды алып береді. Бірақ Ақсұлу келін болып түскеннен кейін көп ұзамай Тоқпан қайтыс болады. Сөйтіп Ақсұлу 18 жасында жесір қалады. Найман атасының «Ұрпағым үзілді-ау» деп зар жылаған қайғысын күнде естіп Ақсұлудың қабырғасы қайысады екен. Он екі ай өтіп Тоқпанның жылы беріледі. Арғынның алты ұлы Ақсұлуға кезек-кезек кісі салады. «Әмеңгерлік жолымен» біреуімізге тисін»,-деп дікеңдей бастайды. Сонда Ақсұлу олардан келген жаушыларға былай деп жауап береді. «Атам сексеннен асып тоқсанға тірелді, төрінен көрі жуық, атамды жалғыз тастап кете алмаймын. Қазасы жеткен күні ақ жуып, арулап, қолымнан аттандырамын. Оған дейін бұл босағаны аттап ешқайда кетпеймін. Менің Алла алдындағы антым осы» дейді. Осылай деп Ақсұлу алты әмеңгердің әрқайсысына алты қысырақтың үйірін айдатып қоя береді. Әмеңгерлер біраз бөгеліп қалады. Осы кезді пайдаланып Ақсұлу төркіндеп өзінің еліне барады. Сол сапарда Ақсұлу өз елінің белгілі бір биінің қызына құда түседі. Оның қалың малын төлеп елге алып келеді. Келген соң некесін қидырып атасы Найманға қосады. Ол қызға «қызенейім» деген ат қояды. Ақсұлу қызенесіне қалайда атасының бабын табуды үйретеді. Бізге сол кезде Құдай тағала ұрпақ берер дейді. Атасына қысыр тайдың етін жегізіп, өз қолымен тоқты сүтінен жасалған құрт езіп ішкізіп отырады. Қызеней Ақсұлудың айтқанын орындап, Найманнан екіқабат болып ұл табады. Ақсұлу атамнан қалған жалғыз белгі ғой деп атын Белгібай қояды. Белгібай бір жасқа келгенде тоқсаннан асқан Найман қарт дүниеден өтеді. Ақсұлу үш жүзге сауын айттырып атасының жылын өткізеді. Найман қарттың жылы өткеннен кейін, Арғын балалары Ақсұлуға қайтадан қыдыңдай бастайды. «Атаң өлді, жылын бердің. Енді біреуімізге ти» деп үзілді-кесілді талап қояды. Әсіресе, Арғынның Алтай деген ұлы елге атағы жайылған ақылды әрі сұлу келіншектің қыр соңынан қалмайды. Ол қайтсем де Ақсұлуды алам деп ант беріп оны күшпен көшіріп әкетпек болады. Екі елдің арасы дауға айнала жаздайды. Осы кезде төркіндеріне кісі салып жағдайын жеткізеді. «Мен Найман атамның ұрпағын өсіруге тиіспін. Сондықтан Арғын ата балаларынан басыма бостандық әперіңіз» деп өтінеді. Сөйтіп Ақсұлу басына еркіндік алады. Содан кейін Ақсұлу Белгібайды қызенейге еміздіріп, өзі бағып қағады. Ер жеткізеді. Белгібай он жеті жасқа толғанда отыз жеті жастағы Ақсұлу некесін қидырып Белгібайға жар болады. Одан екі бала табады. Содан кейін «Менің жасым ұлғайды, атамның ұрпағы аз, сол көбейсін» деп енді Белгібайға өзінің сіңлісі Тоқсұлуды алып береді. Онан кейін бір бидің қызы Ақбаршаны алып береді. Белгібайдың осы үш әйелінен Найман ұрпағы көбейіп Арғын ұрпағымен жарыса өседі. Жер қайысқан ел болып қалыптасады. Сөйтіп бір әйелдің асқан ақылдылығының арқасында Найман атаның ұрпағы үзілмей аман сақталып қалған екен.
Халқымыздың дәстүрге берік, ақылы дариядай, пейілі терең мұхиттай, ізеттері инедей, мейірім шапағаттары әлемді нұрландырардай ерге сүйеніш, елге мақтаныш келіндер көбейе берсін.
Айжамал Әбдіхамитқызы