Қол өнер – сырлы өнер
Қай кезеңде болсын қазақтың ұлттық өнері өз құндылығын жойған жоқ. Қай халықты аласақ та өзіне тән ұлттық өнері болады. Қазақ халқының да барша жұрт сүйіспеншілігіне бөленген, жүрек тереңінен орын тепкен, ғасырлар бойы біртіндеп дамып қалыптасқан ұлттық өнері бар.
Өнер – шындық көркем бейнелер арқылы танып, білу болып табылады. Халқымыз ертеден-ақ өзінің ұлттық өнерін ерекше қастерлеп, бармағы майысқан шеберлерді құрметтеп, олардың өнерін мақтан еткен. «Өнерді үйрен де жирен», «Өнерлі өрге жүзеді» деген мақалдар кейіпкеріміз Қаныкүл апаға айтылғандай. Бүгінгі ақ жүректі, алтын қолды Қаныкүл Беденқұлова өнермен ертеден-ақ айналысып, жүннен жіп үйіріп, түрлі жасаулар тоқыды. Тіпті қараша үйдің үзік бауларын, түс киіздерін басып, түрлі ою-өрнектен кілем тоқып, ақ тұлпардың қоржын бауларын жасап келеді. Ісмер кісінің жасаған бұйымдарын көрген жан ерекше әсерде болады. Мектеп оқып жүріп-ақ кесте тігу мен сырмақ сыру, ою түрлерін үйренеді. Бұл өнерге келуіне түрткі әкесі болыпты. Әкесі өте іскер, қарапайым еңбек құралдарын пйдалана отырып ағаш ұстасы мен етік тігетін шебер адам болған екен. Мысалы, киіз үйдің бауларын, басқұрлар, қоржын, кәде сыйлықтар жасау әженің күнделікті ермегіне айналған. Қолөнерден жеткен жетістіктері бір төбе. Атап айтсақ, 2014 жылы көрмеге қатысып ІІ орын алған. «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» атты байқауда атқарып жатқан зор еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталады. Еліміздің қол жеткізген ең ірі мега жобасы – «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде қолөнер бұйымдары үшін алғыс хат алды. Көптеген форумдарға қатысып алғыс хаттар мен мастер класс көрсеткен.

Қолөнер халықтыкі, оны тудыратын да бағалайтын да оның өзі. Сондықтан табиғи таза өнімдердің құны мен сәнін арттырып отырсам дейді. Осы күні ұршығын жанына серік еткен әже 73 жасқа келсе де еңбектен қол үзбеген.Өз кіндігінен өрбіген ұрпақтары бір қауым елге айналуда. 32 немере мен 6 шөберенің ардақты әжесі. Ұрпақтарын ұлағат сөзбен еңбекке үйретуден жалыққан емес. «Тетігін тапқан адамға қиындық бөгет болмайды» деген ұстанымды ұстанған ісмер.
«Өнерімнің ырысы – жарқырап жатыр жолымда» дейді ісмер апаның келіні Аида Ескалиева мен қызы Мая Қалжанова еңбек жолын жалғастырып жүр. Аида 2020 жылдың ақпан айында 530 мың грант ұтып, тігін машинасын алып жұмысын бастады. Қолөнер жарқын болашаққа жол сілтейтін жан серігің, ертеңгі күні жейтін тамағың мен рухани байлығың болады. Бүгінде Аида жұмыстың көзін, қисықтың тезін тауып қазақы көрпе құрау, ұлттық киімдер, сәукеле мен түрлі әшекей бұйымдар жасауда. Аиданың қолөнерді игеруіне өз анасы мен енесі себепкер болады. Аида осы тігін курсын оқығанда екі мақсат пен оқыдым дейді. «Өзім тігіп үйреніп меңгерсем, сосын қыз-келіншектерге үйретуге ден қоятын боламын. Осы жасаған құрақ көрпеше мен тоқылған алашалар әр үйдің төрінде тұрса ғажап болар еді» дейді ісмер. Бүгінде үйден шәкірт оқытып жатқан Аида үмітімді шәкірттерім ақтап жатыр деп қуануда. Осы өнерді 40-тан астам қыз-келіншекке үйретіпті. Аиданың жеткен жетістіктерін саралай кетсек, «Қолөнер – сырлы өнер» атты аудан шеберлер байқауынан диплом, Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестивалінде диплом, «Этноауыл-2019» көрмесінде алғыс хатпен марапатталған. Аиданың жеткен жетістіктері өз еңбегінің нәтижесі. Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында «Шағын бизнес – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуы тиіс» деген жолдары қарапайым еңбек адамдарына серпіліс береді. Ісмер кейіпкеріміз Қаныкүл апа жаһандану үрдісіне жұтылып бара жатқан құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, қыздары мен келіндерін атакәсіпке баулуда. «Келешекте қазақтың киіз, алаша сынды байырғы бұйымдары қайта қолданысқа енуі бек мүмкін. Өйткені, кешегі пандемия кезінде сырттан өнім кірмеді. Түріктің кілемдерін осындай қолөнерінен туындаған дүниелер алмастыра алатынына еш шүбәм жоқ» деп түйіндеді сөзін 73 жастағы апамыз.
Шапағат Тілеубаев