ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Қыс мезгілі басталар алдында аудан тұрғындары жылу беру маусымына қарқынды дайындық үстінде. Өрт пайда болғанда сөндіруден бұрын, оның алдын алу өте тиімді.
Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі – қарапайым техникалық ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениетінің жоғары болуы. Егер әрбір тұрғын өзінің қоршаған ортасында сақтық шараларын сақтаса, өз аумағын өрттен көбірек сақтайды.
Өрттің алдын алу ережелері:
– Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз;
– Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің алдын өлшемі 50х70 см. кем болмайтын жанбайтын материалмен қорғаңыз;
– Пешке тамызғы ретінде тез жаңғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз;
– Үйде, тұрмыста газ құбырларын мамандарға тексертіп отыру;
– Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
– Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
– Қыздырғыштарды киім-кешек кептіру үшін пайдаланбаңыз;
– Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;
– Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
– Балаларды қарусыз жалғыз қалдырмаңыз;
– Төсек орында темекі шекпеңіз, темекі қалдықтарын балкондар мен терезелерден лақтырмаңыз;
-Дайындалып жатқан тамақтың плитада бақылаусыз қалуына жол бермеңіз;
Есте сақтаңыз! Өрт тек материалдық шығын әкеліп ғана қоймайды. Ол адам денсаулығы мен өмірін жалмауы мүмкін. Ал еліміздің басты қазынасы – адам және оның өмірі.
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі