Еңбекке епті, қоғамға септігі тиген кәсіпкер
«Есең кетсе, ешкі бақ» дейді атам қазақ. Ешкі ежелден-ақ халқымызда ерекше бағаланған. Ешкі өсірудің басты мақсаты – түлік басын көбейту. Себебі ешкі – өсімтал жануар. Басқа түліктер жылына бір рет төлдесе, ал ешкі екі рет, көбінде егізден лақтайды. Қазақ «сүті ағып тұрған бұлақ, еті тамағыңа бап» деп мақтайтын Сексек ата түлігінің пайдасын айта берсек шаш етектен. Ал ешкі жиып, кәсіп қылу бұл күндері сирек кезігеді. Нәсібін ешкі бағу кәсібінен тапқан Ләззат Парманқұлова сүт өнімдерін сертификаттау мақсатында кәсібін бастайды.
Қазақта «Қойлы бай – қоралы бай, ешкілі бай – есепті бай» деген мәтел бар. Бұл ешкіні арнайы бір мақсатпен ұстайтынын аңғартса керек. Енді ешкіні қандай мақсатпен ұстайды, осыған тоқталсақ. Біріншіден – сүті. Оның сүтінің пайдасы ұшан теңіз. Ғалымдардың айтуынша, ешкі сүтінің емдік қасиеттері көп. Әсіресе, асқазан ауруына, анемияға, көздің нашар көруіне, диатезде өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамындағы май түйіршіктері ұсақ болғандықтан адам ағзасына, әсіресе кішкентай балаға жұғымды болады. Ешкі сүті төрт түліктің ішіндегі ең құнарлысы. Тіпті ана сүтін алмастыра алады. Екіншіден, еті. Оның еті қой етіне қарағанда тез қатады. Әйтсе де ол сіңімді әрі жеңіл, дәрумені де мол тағам. Себебі ешкі – табиғатынан шөптің шүйгінін, яғни 550-ден аса түрін жейтін, судың тазасын ішетін өте талғампаз түліктің бірі. Үшіншіден, терісі. Ешкінің терісінен иленіп, жүні сыртына қаратылып тігілетін тон, ішік жауынды күні таптырмас киім. Ешкі жүні қылшықты. Оған су сырғып тоқтамайды. Төртіншіден, жүні мен түбіті үшін өсіреді. Қазақ қыста сыртта тоңазып, суық алып әбден әлсіреген адамдарды жаңа сойылған қара ешкінің терісіне орау арқылы бойындағы суықты алған. Осылайша ауруынан құлан-таза айығып кеткен екен. Сондай-ақ қара ешкінің сүті жөтелге де ем.

Халқымыз ешкі өсірумен ертеден шұғылданып келе жатыр десек те, осы істің қыры мен сырын жақсы меңгерген адам қатары қазір сирей түскендей. Аудан көлемінде ешкі бағатын жандарды іздеп біраз әбігерге түстік. Себебі тұрғындардың көбі ірі қара малын қол көреді екен. Ешкі бағатыны сирек. Солардың қатарында Ләззат Парманқұлова мен жолдасы Қалбек Абуов те бар.
– Ешкі күтімді көп қажет ете бермейтін, өзге түлікке қарағанда тезірек көбейетін, табиғи жағдайға төзімді мал. Оны күтімге алуға кез келген қора жарай береді. Тек ол құрғақ әрі жарық болуы тиіс. Ешкінің бір әлсіз тұсы қатты желді көтере алмайды. Сондықтан қораның іші желкем болмағандығын ескерген абзалырақ. Ешкінің пайдасы – сүтінде. Дәмі де ерекше. Дал қазіргі уақытта қорада «Заанин», «Чех алпийі», «Француз алпийі», «Новинская» сынды асыл тұқымды 70 бас ешкі бар. Күніне 60 литр сүт аламын. Сүт, құрт, май, балқаймақ жасаумен кәсібімді дөңгелетіп отырмын, – дейді кәсіпкер отбасы.
Расында, шет ел асып келген ешкілерге «Ақкербез», «Бір адам» деп қазақша атау беріп, жерсіндірген Лаззаттың ісіне сүйсінбеске болмас. Аузы аққа тиген бұл отбасы тұрмысы төмен, сырқат балалары бар отбасыларға тегін сүт, құрт өнімдерін таратып, емдік мақсатта ешкі төлдерін де тегін үйлестіріп тұрады. Қайырымдылық жасауға жаны құмар Ләззаттың бұл ісін көрші-қолаңдары ерекше ықыласпен айтып берді. Сондай-ақ ел ішінде жұқпалы дерт тарағанда сырқаттанған жандарға да ешкі сүтін тегін таратып, ауруханаға қажетті тыныс алу аппаратына қаражат қосып қайырлы істің басы қасынан табылып жүргені бізге де мәлім.
Өзге түліктердің сүтіне қарағанда ешкі сүтінің құрамындағы темір ағзаға жақсы сіңеді. Сондықтан да ешкі сүті сұранысқа ие. Мәселен, 1 литр ешкі сүті 500 теңге тұрады. Демек күніне 1 ешкіден 4-5 литр сүт алсаңыз, ол 2 500 теңгені құрайды. Сонда 1 ешкінің сүтінен айына 75 000 теңге, ал 6 айда 450 000 теңге кіріс келеді. Сондай-ақ ешкі сүтінен жасалған құрт пен майда ерекше сұранысқа ие. Егер 10 ешкі сауып сатсаңыз, пайдаға кенелдім дей беріңіз. Пайданың көзін тапқан адамға ешкі өсіріп, оның өнімін саудалау – бизнес көзі десек те болады. Иә, мал баққанға бітеді. Жоғарыда ешкі малын бағудың бірнеше тиімді тұстарын сөз еттік. Қандай малды бағып-күтетіні әркімнің өз еркінде, әрине. Төзімді әрі көп күй талғамайтын ешкі өсіруді мықтап неге қолға алмасқа?
– Есесіне ешкі сүтінің қасиеті мол. Ғылыми дәлелдерге жүгінсек, ешкі сүтінде сиыр сүтіндегідей аллергияны қоздыратын «альфа-S1» казеині мүлде жоқ екен. Біздің ұққанымыз мынау: анау «альфа-S1» казеині деген адам ағзасына кері әсер ететін белок, ақуыз. Және сүт құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, сұйықтық құрамдас бөліктерге тез ыдырайды. Әрі ешкі ағарғанының құрамындағы лактоза мөлшері сиыр сүтінен 13 процентке, ал ана сүтінен 41 процентке кем екен. Яғни медицинада лактоза жетіспеушілігі бар науқасқа ешкі сүтін ішуді ұсынатыны содан болса керек, – деген Л.Парманқұлова ешкінің жай-күйі мен күтімін жақсы біледі. Тіпті мал дәрігерін іздеп әбігерге түспейді. Ешкіге қажетті дәрумендер мен ем-домды өзі жасайды. Шетел ғалымдарымен тілдесіп ешкі өсіру кәсібін кеңейтуді де жоспарлап отыр. Тек ол үшін жайылымдық жер керек екенін тілге тиек етті. Кәсіпкер шаруасын кеңейту үшін мемлекеттік қолдауларға жүгінгісі келетінін айтты. Алайда асыл тұқымды мал ретінде көмекке қол жеткізу үшін ешкі санын 1000 басқа жеткізуі шарт. Бірақ оған есік алдындағы қораның тарлығы, 100 бастан асыруға мүмкіндік бермей отыр. Жайылымдық жерге қол жеткізгенше төлдерін сатып күн көріп жатқандығын да жасырмады.
Шет мемлекеттерден келіп жатқан сапасы, маңыздылығы және құрамы белгісіз балалар тағамымен, зиянды немесе жасанды «сүтпен», быламықпен жас сәбилерді қоректендіріп жүрміз. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ана сүтінің құрамына ең жақын сүт – ешкі сүті. Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Ғалымдардың айтуынша, ешкі сүтінің емдік қасиеттері көп. Швейцарияның таулы шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдегендерін газет беттерінен оқып жүрміз. Көрші Өзбекстанда ауруханалар мен перзентханаларды сүтпен қамту үшін арнайы сүтті ешкілерді фермаларда ұстайды. Ал ешкі сүтінен жасалған немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы мол. Белгілі швейцариялық ірімшіктердің атағының құпиясы сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Сүтті ешкілерді «бүйен емшек ешкі» деп атайды. Төрт осындай ешкінің сүті шет мемлекеттен әкелінген асыл тұқымды бір сауын сиырдың сүті мөлшеріне жетіп қалатыны таңғаларлық жайт емес. Мәселен, бір сүтті сауын сиыр сегіз-он ешкінің азығын жейді екен. 100 ешкіден жылына екі рет лақтағанда – 250, ал бір төлдегенде 150 лақ болады. 100 сиырдың өсімі 85 бұзаудан аспайды. Демек, өсімі орташа 3 есеге жуық. Олай болса табиғаттың қатал сынына төзімді әрі көп күй талғамайтын, қыста тебінге мықты ешкіні неге өсірмеске?
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ