Ангола соғысының ардагерін білесіз бе?
Тәуелсіздік үшін 16 жылға созылған Анголадағы соғыс туралы жиі айтылмайды. Расында, Ауған соғысы туралы көп естігенімізбен, Ангола соғысы жайында тіс жарған жанды көрмедік. Содан болар, шиелілік Ангола соғысының сарбазы Бақытжан Анафияевты бірі білсе, бірі білмес. Аудан халқы жеке кәсіпкер ретінде таныған бүгінгі кейіпкеріміз – азаттық үшін күрескен соғыстың ардагері.
Жер бетінде қаншама соғыстың оты тұтанып, талай боздақтар мәңгілік сапарға аттанды. Әскери борышын шет мемлекеттерде өтеп, азаттық үшін күрескен қазақ сарбаздарының жеңісі бұл күнде толығымен елене бермейді. Құпия соғысқа аттанған сарбаздар лайықты құрметке жете алмай жүр. Тіпті ол соғыстар біздің тарихта айтыла бермейді. Ал біздің тарих оқулықтарынан білетін соғыстар – 1917 жылдан кейінгі ақ пен қызылдар қырғыны, 1939-1940 жылдары Финляндиямен болған соғыс, 1938-1939 жылдардағы Хасан көлі мен Халкин-Голдегі қақтығыс, 1941-1945 жылғы ІІ Дүниежүзілік соғыс, 1945 жылғы Жапониямен соғыс, 1969 жылы Даманскі мен Жалаңашкөлде өткен шайқастар, Ауғанстандағы соғыс арғы жақтары беймәлімдеу. Мәселен, Ангола соғысы. Африканың батысын бойлап жатқан Ангола мемлекеті 1975 жылы 11 қарашада өз тәуелсіздігін жариялаған. Ұзақ жылдар Португалияның отары болған елдің егемендік алуы оңайға түспеді.

1976 жылы Белоруссияның Гродненская облысында 11 717 әскери бөліміне әскерге алынған Б.Анафияев 1977 жылы Анголаға аттанған еді. Небәрі 19 жасында майдан даласына бара жатқанын өзі де білмеген. Сол кездегі тәртіп бойынша бәрі де құпия астыртын жүргізілген болатын. «Белоруссиядан бірге аттанған 18 адамның 2-еуі қазақ болатын. Ол жаққа бізден бұрын барғандарды қоса есептегенде 300-ге жететін» деп өткен күнді бір еске алды. 1978 жылдың желтоқсан айында елге оралған құпия соғыс ардагерінің әскери борышын Анголада өтеп келгенін алғашқыда ешкім мойындай қойған жоқ. Майдан даласындағы ерлігі арада 14 жыл өткеннен соң барып ескеріледі. Осылайша 1992 жылы жеңілдіктер алуға арналған куәлікке қол жеткізеді.
– Анголада жергілікті халық отаршылардың үстемдігіне қарсы азаттық күресін табандылықпен жүргізді. Соғыс даласындағы ең қауіптісі – тұтқынға түсіп қалмау. Түскен күнде де кеңес әскері екенін білмеуі керек болатын. Анголада тәуелсіздік үшін табанды күрес 1961 жылы басталған. Олар Португалия басқыншыларына қарсы тойтарыс беруге жанын салды. Сол жылы мамырда кеңес өкіметі «Анголадағы жағдай туралы» арнайы мәлімдеме жасады. Дүниежүзі бірлесіп, Ангола халқының құқығын қорғауға атсалысуға шақырды. Сол жылдан бастап Кеңес өкіметі Анголаның азаттығы үшін көмек қолын созды. Жауынгерлерін оқыту үшін командир, нұсқаушы, үйретушілер жіберді. КСРО қару-жарақпен де көмек берді. Бұйрық келген соң бір-ақ күнде Анголаға аттандық. Беймәлім миссия туралы бізге ол кезде айтуға болмайтын. Тәртіп солай. Әскери міндетін абыроймен атқарған қатарластарымның жанкешті еңбегі бейбіт күнде еленсе деймін, – деп түйіндеді сөзін соғыс сарбазы.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ