«Tiс tok» тәлім бере ме?

Иә, бүгінде түрлі желі бар. Солардың бірі – тик ток. Аталған желі қолданушылары бүгінде миллиардқа жеткен. Ал біздің елімізге Tik Tok желісі тышқан жылында енді. Соның әсері болар, қай әлеуметтік желіні ашсақ та, яғни инстаграмм, ватсав, фейсбук барлық жерде тик ток түсірген жандар алғаш көзге түседі. Биге икемі бар, ой ұшқыры, қиялы жоғары жандар түсірсе жарасар, ал мүлдем биден бейхабар жандар түссе, оның үстіне ашық-шашық, ерсі күйде. Иә, ондай кезде халық арасында кереғар пікір туғызары анық. Сондықтан тик ток желісі үлкен ата-апаларымыздың көңілінен онша шыға қоймаған. Тіпті «Tik Tok тәлім бере ме?» деп базынасын айтады. Айта кетейік, Tik Tok – 15 секундтық музыкалық видеороликтер түсіріп, басқаларға бөлісуге болатын әлеуметтік желі. Видеоға сай келетін музыка таңдап, ән мәтініне немесе фильм сөздеріне ілесіп орындауға болады. Бағдарламаны қолданған ең алғашқы ел Индонезия болды. Дегенмен жасөспірімдердің пікірінше Tik Tok желісі әртістік қабілетті арттырып, баланың бойындағы қабілет-қарымын ашып, талантын ұштастырады.
Халқымыз нәзікжандыларды «Болашақ ана, шаңырақтың берекесі, ар-намысымыз, айнамыз, тәрбиеміздің жемісі» деп оның тәлім-тәрбиесіне аса мән береді. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілдері тола бермейді. Өйткені әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселенің бірі де – қыз тәрбиесі. Киім киісінен бастап, сөйлеуі, тамақ дайындауы, тіпті атқарып жүрген қызметі де талқыға түсіп жатады. Өйткені қыз тәрбиесіне немқұрайды қарай алмайтын қасиет қазақтың қанына сіңген емес пе? Біз сөз еткен тик ток желісі де қыздарды адамгершілік қасиеттерден, тәлім-тәрбиеден жұрдай етіп көрсетеді. Әлеуметтік желілердегі сол Tik Tok видеоларын кейде көруге ұялатынымыз да рас. Осындай да Зейнеп Ахметованың «Біз қыз баланың тәрбесінің тізгінін босатып алдық» деген пікірі еріксіз ойға оралады.
«Tik Tok» желісіндегі видеолар тегіс дұрыс емес дей алмаймыз. Арасында көңілді бір сәт көтеретін, қызықты, күлкіге қарық қылатын видеолар да жетіп артылады. Дегенмен қазақы тәрбиемізді жоққа шығаратын, ой-өрісімізді, ақылымызды кемітетіндерінен аулақ болған жөн. Сондай-ақ киімге де аса мән беруді ұмытпайық.
Фариза КЕНЖЕШОВА