Ядролық сынақ болмасын, ол – тозақ

Ядролық жарылыс алаңында әскери қызмет еткендердің бойындағы радиация сәулесі қалыптағыдан 300-500 см көп. Ғалымдар анықтағандай, цезий – 137, стронций – 90 элементтерінің нуклейдтері – ядролық жарылыстың тажалды өнімі. Плутоний – 239 нуклейдті денсаулыққа 10 есе қауіпті.
Біздің қоғамдық бірлестік 2009 жылдың басында құрылған. Сол кезде ядролық сынаққа тікелей қатысқан 48 мүшесі бар еді. Бәріміз Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілгенбіз. Жоғарыда айтып кеткендей, көрінбейтін оқпен жараланғандар келмеске кетті. Қазіргі таңда 22 адам бармыз. Мүше болған ардагерлеріміздің көбісі дәрінің, оның ішінде дәрігерлердің қамқорлығымен жүргендер.
Арнаулы жәрдемақының мөлшерін 2-3 есе көбейту мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын, қоғамның өркениеттілігін көрсетер еді. Ең бастысы Отан үшін денсаулығын аямаған әскери адамға деген сүйіспеншілік болса, есесіне келешек ұрпақ патриоттық сезімде тәрбиеленер.
Мэлс Тоқтыбаев,
«Семей-Ақиқат-Шиелі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі
«Семей-Ақиқат-Шиелі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі