Жемқорлыққа жол жоқ
Қазақ жерінің киелі де қасиетті баурайының бірі – Ұлытау өңірінде Ұлт көшбасшысының тарқатқан ой-пікірінде Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және мәңгілік ел болудың басы ежелгі ата-бабалар салған сара жолдан бастау алатынын айтқан. Мәңгілік ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шаралардың қатарына сыбайлас жемқорлықпен күресті жатқызуға болады.
Иә, жемқорлықпен күрес – күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейте түсуге басымдық берген. Бұл туралы басты құжатта «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» деп жазылған.

Әлем елдері секілді біздің мемлекетімізде де жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Біле білсеңіз, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі – парақорлық. Ал оның түп-тамырын жою үшін бірінші кезекте қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз керек. Яғни пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайды.
Жоғарыда жемқорлықты жою үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жаздық.Оның барлығы да адамдардың кең тобын қамтуды көздейді. Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамның әр мүшесі дұрыс идеялар мен құндылықтарды қолданып, оны әлеуметтік жамандық деп қабылдаған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Қорыта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Ахметов Сайпырхан,
Шиелі аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы