Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында 2020 жылдың 29 маусым күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы мен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесұлы Шиелі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тікелей эфир өткізді.
Кездесу барысында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесұлы аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын ал бағытындағы жұмыстар бойынша төмендегіні хабарлады.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу бойынша іс-қимылдар Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралып, келеді.
Бұл мәселе бойынша аудандық комиссияның отырыстары
2019 жылы 4 рет,одан өзге, аудан әкімдігінде өткізілген аппараттық мәжілістер мен жиналыстарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары аудандағы мекемелер мен дербес бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне үнемі ескертіліп, хаттамалық тапсырмамен таныстырылып келеді.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлық іс-шаралар мен жиындар кейінге қалдырылуына байланысты аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2 тоқсандағы мәселелер 11.06.2020 жыл бірге қаралды.
2018 жылы облыс бойынша алғашқы болып қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралары бойыншааудандық қоғамдық кеңес отырысы, «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафон өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген белсенді шараларға қарамастан 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 2 қызметкер сыбайластық әрекеттер жасап, сот үкімімен түрлі жазаларға тартылды.
1. «Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №142 қазақ орта мектебінің директоры Б. Теміроваға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, материалдары сотқа жолданды.
2 «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған Ж. Бекенов
қолдан құрастырылған жылжымалы тұрғын вагон тіркемесін тіркеп, оған техникалық куәлік пен мемлекеттік тіркеу белгісін алып беру үшін азаматша А.Толыбековадан 20000 (жиырма мың) алғаны үшін Шиелі аудандық сотының Үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының
2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде елу пайыздан астам еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 800000 (сегіз жүз мың) теңге айыппұл салынды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен аудандық деңгейде 84 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мелекеттік қызметтер саны –2474.
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -6563.
Электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2743.
2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін жақсарту жөнінде
іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-шара жоспары бойынша барлығы
16 іс-шара өткізілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша «Мемлекеттік корпорациямен» бірігіп 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Шиелі аудандық бөлімімен бірлесіп «Электронды үкімет» веб порталынан қызмет алуды насихаттау бойынша, «Telegram-Bot», «Egov mobile» қосымшалары бағытымен қызмет алуды үйрету мақсатында 2020 жылы 12 рет іс-шара өткізіліп, 2420 адам қамтылды.
Карантин кезінде аудан тұрғындарына электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша брошюралар таратылды.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімінен кешіктіру фактілері орын алған жоқ.
«Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1271 бұйрығының негізінде аудандағы бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржының іске асырылу жөніндегі есептілігін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін және бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджет» порталына мәліметтерін орналастырып отырады.
Яғни «Ашық бюджет» порталы арқылы бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырыстарында 2020 жылы 4 мемлекеттік қызметкерлердің есептері тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, қазіргі таңда ауданда жұмысшы тобы құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық
2019 жыл 48 және жыл басынан бері 15 мақала жарық көрді.
Кент және ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Пара алу да, пара беру де қылмыс» және «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағынан айырады!» «Адал жүр, адал тұр, адал бол», «Адалдық ерлік нышаны» «Ақмешіт – адалдық алаңы» тақырыптарында билбордтар орналастырылып, Шиелі кентіндегі орталық алаңдағы ЛЭД экран арқылы үнемі видеороликтер көрсетілімі жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, аудан бойынша бірнеше мекемелер «Оpen space» форматын қолданысқа 6 дербес бөлім (Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ветеринария бөлімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) және 3 ауылдық округ (Төңкеріс, Жуантөбе, Бестам) енгізілді.
Ескертпе: аудан көлемінде орналасқан дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдері аппараттарының басым көпшілігі бір қабатты ғимаратта орналасқан.
Аудандық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен қызметкерлерінің қатысуымен артық жұмыс істеу фактілерін алдын алу мақсатында күнделікті қалыптасқан 8 сағаттық жұмыс уақытын ұстана отырып (жұмыстың басталу уақыты 09-00, түскі үзіліс 13.00-15.00 аралығы, жұмыстың аяқталуы-19.00) еңбек тәртібінің сақталуын, жұмыс уақытында қызметкерлердің жұмыста болуын, яғни 8 сағаттық жұмыс уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында тиісті тапсырмалар беріліп, бүгінгі таңда жұмыс уақыты аяқталған уақытта компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесі бойынша аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдерге сағат 19.00 де өшірілетін арнайы бағдарлама орнатылды.
Бұдан бөлек аудан әкімі аппаратының ғимаратына рұқсат бақылау жүйесі орнатылды. Мекеменің әрбір қызметкерінің аты-жөні бағдарламаға енгізіліп, пластикалық карталар берілді.
2019-2020 оқу жылында білім мекемелерінде білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы иммунитет пен оның салдарлары, қоғамдық зияны туралы түсінік қалыптастыру мақсатында оқу жылы басында орта буын мен жоғары сыныптардың тәрбие жоспарына сыбайлас жемқорлық туралы тақырыптар енгізіліп, оқу жылы барысында жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда 8 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық деген не, және оған қарсы күрес», 9 сыныптарда «Жемқорлық-індет, жою-міндет»,10 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс», 11 сыныптарда «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
Тәрбие сағаттарының мазмұны білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып анықталды. Атап айтқанда
8 сыныптарда сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы алғашқы түсінік берілсе, 9 сыныптарда сыбайлас жемқорлық туралы түсінікпен қатар оған қолданылатын жаза түрлері айтылды. 10-11 сыныптарда сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық зардабы, онымен күресу жолдары мен себептері туралы ақпарат берілді.Мектептерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында оқушылардан және мұғалімдерден ақша жинауға тиым салу туралы мектеп директорларының бұйрығы шығарылды. Сонымен бірге мектептегі өткізілетін шараларда қамқоршылық кеңес тарапынан берілетін қаржыны пайдалану, демеушілер табу арқылы қаржыландыру көзделген.
Сондай-ақ, жыл сайын дәстүрлі мамыр айында аудандық «Салтанат сарайында» аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында мектеп оқушыларын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау слеті ұйымдастырылып тұрады. Жиын барысында мектеп оқушыларының «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты оқушылардың шығармашылық көрмесі қойылса, жыл қорытындысымен үздік жұмыс атқарған мүшелер марапатталады.
Сондай-ақ, шара аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына мүше болған оқушыларға төсбелгімен, куәліктер тапсырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында іс-шара жоспарына сәйкес аудандық деңгейде өткізілген «Үздік сурет», «Үздік шығарма», «Үздік эссе», «Үздік видео ролик» байқауларының қорытындысымен үздік танылған оқушы жұмыстары аудандық білім бөлімінің басшысы тарапынан арнайы дипломдармен марапатталып отырады.
Шиелі ауданында құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының логотипі, шарф, төс белгілері бір үлгіде дайындалған.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қазіргі таңда
38 мектепте ашылса, оның құрамында 7570 бала жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінде әрдайым тұратындығы баса айтылды.
Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында тиісті жұмыстар өз жалғасын таба беретін боладығын хабарлады.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлысыйлас жемқорлық әрекеттерінің белең алуына жол бермей, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды ұсынды.





30 шілде 2020 ж. 536 0