Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДОННОРЛЫҚ ДЕРКЕ ДАУА СЫЙЛАЙДЫ

ДОННОРЛЫҚ ДЕРКЕ ДАУА СЫЙЛАЙДЫ

Ғылыми зерттеулер мен практикалық бақылаулар нәтижесінде 400-450 мл мөлшерге дейін қан алудың адам денсаулығына ешқандай зиянсыз және қауіпсіз, тіпті организмге жағымды әсер ететіндігі аңықталып, толық дәлелденген.
            Қан тапсыру қай жағынан алғанда да кауіпсіз болып табылады, ол үшін бір реттік қолданыстағы және стерильдік бұйымдар қолданылады. Сол себепті донор індеттен толығымен қорғалған.
            Ер кісілердің жылына 4-5 рет, ал әйелдердің 3-4 рет қан тапсыруына болады.
           
18 жастан жоғары жеке тұлға донор болуына мүмкіндігі бар.
            Жаздың осы аптап ыстық күндерінде адамдардың қанының коюланып, қан тамырларында тромб түзілуіне және ауыр асқынулар болуына қауіп жоғары. Қан тапсыру нәтижесінде организмдегі қалған қан сұйылады да, қан айналымы анағұрлым жақсарады.
            Донорға қан тапсырар алдында жеңіл тамақ және қан тапсырғаннан кейін толық тамақтану үшін 694 теңге және егер донор қан тапсырған күні жұмысқа қайта кіріссе, оған басқа демалыс күні беріледі немесе жылма-жылға еңбек демалысына қосып алуына болады.
            Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
            Өз бойыңыздағы адамға деген мейірбандық, өзгеге қол ұшын беру сияқты асыл қасиеттерді «Донор күніне» белсенді түрде қатысу арқылы таңыту мүмкіндігі туып отыр.
            Сондықтан аудандағы барлық мекеме қызметкерлерін және үй шаруасындағы адамдардың қан тапсыру шарасына түсіністікпен қарайтындығына сенеміз және алдын ала шексіз алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ  сіз тапсырған қанның керек кезінде аудан тұрғындары мүддесіне сай жұмсалатынын естеріңізге саламыз.
Біздін мекенжайымыз
Шиелі аудандық аураханасының аурухана бөлімінің, қан құю бөлімінде жүргізіледі.
Шілде айының 20-21 күндер арлығы сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін.  
17 шілде 2020 ж. 544 0