Жауапкершілік жұмыстың жүгін жеңілдетеді
Мамандық – бұл адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Осы үдеден шығып жүрген жандардың бірі – Гүлжан Тоқтыбаева.
Дүние жарыққа 1977 жылы келген Гүлжан Дүйсенқызы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның Қызылорда облыстық «Жер кадастры және жылдымайтын мүлікті техникалық тексеру» Шиелі аудандық бөлімінде басшылық қызмет атқарып келеді. Ол еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда Гос МПЦ бөлімінің басшысы болып бастаған. Осы қызметте 15 жыл үздіксіз жұмыс істеген кейіпкеріміз 2014 жылы Шиелі аудандық «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» бөлімінің басшысы болады. Бұл күнде 21 жыл еңбек өтілі бар Гүлжанның абыройлы қызмет етуі жауапкершіліктің салмағын саралай білуінде.

– Кез келген жұмыстың өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Жыл сайын жұмыс тәжірибем жетіле түсуде. Ең бастысы, міндетіме мейілінше жауапкершілік танытамын. Халыққа қызмет жасау жолындағы басты жетістігім алғыс алу деп білемін, – деді Г.Тоқтыбаева.
Әр істің үздік маманы, яғни шебері болады, оның бағасын көпшілік береді. Біреу үй қалаудың, біреу сәулетшіліктің, біреу жазушылық өнердің маманы дегендей. Әрқайсысы өзінің қолынан келгенше жұмысын атқарып жатады, бірақ солардың ішінде туғаннан бар көңілімен, жүрегімен, білімімен бұқараға қызмет істеуге бейім тұратыны сирек. Бұны дарын дейміз бе, Жаратқанның сыйлаған болмысы дейміз бе – әйтеуір сондай адамдар ғана түбінде сол мамандықтан тұла бойы тұнған талабының арқасында жетіліп, сол мамандықты да жетілдіреді. Өз ісінің маманына айналған кейіпкеріміз жыл басында Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақовтың алғыс хатын иеленді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасы Г.Бимендинаның «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісін кеудесіне қадады.
Бұл күнде үй мен түздің шаруасын қатар алып жүрген Гүлжан – 2 баланың анасы. Отбасындағы жарасымдылық жұмысының жүйелі жүруіне себепкер. Біздің бұл мақала арқылы көздегеніміз – бір адамды көрсету емес, өз ісіне деген сүйіспеншілікті, адалдықты дәріптеу еді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бұған дейінгі «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында көрсетілгендей, алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында белсене еңбек етуіміз қажет. Өз өмірін қол жеткізген мақсаттары мен орындалған армандарының әдемі көріністерімен айшықтай білген жандарды насихаттау арқылы жастарға қандай да бір парасатты ой ұялата білсек, мақсатымыздың орындалғандығы.
Гүлнәр ӘБДІХАНИ