Табыстың кілті – еңбекте
Бәсекеге қабілеттілік. Табысты болу. Соңғы кездері осы сөздерді жиі еститін болдық. Себебі заманның талабы адамдардан осындай қасиеттерді талап етуде. Қуантарлық жайт, әрине. Бәсекеге қабілетті ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.
Қазіргі кезеңде әлем елдері жаңа тарихи өзгерістер кезеңінің бастауында тұр. Бұл өзгеріске түскелі тұрған дәуір күллі адамзатқа әлі бұлыңғыр. Дегенмен мұндай беймәлім әлемнен біздің де алатын өз үлесіміз бар екенін естен шығармауымыз керек. Бұл ретте Елбасы ең алдымен халықтың бәсекеге қабілеттілігіне айрықша мән беруді ұсынады. Яғни әрбір қазақстандық денсаулығы мықты, жоғары мәдениетті, компьютерлік сауатты, терең білімді, оның ішінде шет тілдерін меңгеру, мәдени ашықтық сияқты қазіргі қоғамның берік ұстанымына айналған қасиеттерге ие болуы керек. Ол кез келген елде, кез келген ортада емін-еркін сөйлеп, өз пікірі мен дербес ұстанымын дәлелдеп өткізе білетін, әрі ұстамды, әрі қарапайым, әрі салиқалы да салмақты, саламатты өмір салтын ұстанған адам ретінде қалыптасуды талап етеді. Сол үшін де елімізде «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар қолға алынып, халықтың ХХІ ғасырдың талаптарына сай болуға мән беріліп отыр.

Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да қоғамдық өмірдің маңызды саласы – жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарының, тіпті тұтас білім беру ісінің рөліне ерекше тоқталды. Мақаланың «Білімнің салтанат құруы» деп аталатын бөлімінде: «...Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Біз бүгінгі жаңа атауы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіп, өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз» – деп, озық білім мен жаңа, төл ғылымды игерген елдің келешегі баянды болатынына ерекше назар аударады.
Иә, қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші – жастар екендігі ақиқат. Еліміз егемендігін алып, етек жиған сәттен бастап Елбасы жалынды жастарға жанашырлық танытып, қажет сәтте қамқорлық көрсетіп келеді. Тұңғыш Президенттің «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет» – деген сөзі бар.
Жалпы табысты болу деген не? Жетістікке жету, өз ісінің шебері болу, білікті де, білімді маман болу, жаңа нәрселерді ойлап табу. Осындай үлкен еңбек арқылы келетін нәтиже – табыс. Ал бәсекелестік – адамды сол нәтижеге жеткізетін итермелеуші күш. Бүгінде қолынан көп нәрсе келетін, қабілетті, алғыр, еңбекқор жастардың саны артуда. Олардың барлығы өздерінің сүйікті салаларында қызмет атқарып, дамып жатыр. Сондай жастардың көп болуының арқасында бәсекелестік те арта түсуде. Бұл – өте жақсы құбылыс. «Бәсеке» деген сөздің түбіне тереңірек үңіліп көрейікші, бұл жерде бір-бірімен бәсекелесе отырып, қырылып, жауласып кетуі керек дегенді емес, сол бәсекелестіктің арқасында ізденімпаздық пен еңбексүйгіштік қасиеттерінің оянуын, жетілуін қарастыруға тиіспіз.
Бұрындары бұл терминді көбіне бизнесте, спортта, өнерде еститінбіз, бірақ қазіргі таңда бұл сөз әрбір жеке тұлға үшін таңсық емес. Қазіргі адамдар психология, тұлғалық даму, табысқа жету жайында көптеген ақпараттарды оқып, оны өмірлік тәжірибеде де қолданып келеді. Өркениетті батыс елдерінің аты жер жарып тұрған бірнеше кітабы орыс, қазақ тілдеріне аударылып, біздің халық үшін оқуға ыңғайлы болды. Дамимын, табысқа жетемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Керегін ал да, пайдаңа жарат. Бәрі де қол жетімді.
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекеге қабілетті болса ғана табысқа жетуге болады. Өз сөзінде Елбасы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс» деп айтып өткен еді. Осы тұста қазақтың «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» деген мәтелі еске түседі.
Бәсекелестіктің айқын көрінісі әлеуметтік желі қолданушыларының арасында да жиі байқалып тұрады. Осыдан 5 жыл бұрын адамдар «Инстаграм», «ВКонтакте» сынды әлеуметтік желі парақшаларын тек қана көңіл көтеріп, уақыт өткізу үшін ғана пайдаланған болатын. Ал қазір ше? Қазір сұраныс өзгерді. Осындай желілердің арқасында блог жүргізіп, бизнеспен айналысып жүрген жандардың қарасы көбейді. Олар көбейген сайын арадағы бәсекелестік те, оқырман қалауы да күшейе түсті. Міне, осылайша инстаграмды табыс көзіне айналдырған жандар үшін бәсекелестіктің оң пайдасының тигенін көреміз. Табысты болудың тағы бір кілті – бастаған істі соңына дейін жеткізу. Белгілі бір істен нәтиже алу үшін көптеген тер төгіледі, қаншама энергия жұмсалады. Алдымыздан қиындықтар кездеседі, сол қиындықты жеңе білген адам ғана діттеген мақсатына жете алады. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегендей, басында қанша қиналғанмен, сол істі аяқтау барысында адам өзіне мол тәжірибе жинайды, алдына үлкен мақсаттар қоя біледі және сол мақсатқа жету үшін аянбай тер төгеді. Абай атамыз айтқандай, «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Ендеше табысқа жете алатын адам барлығын ақылға салып, адал жолмен еңбек етуі керек. Сонда ғана еңбегінің нәтижесін көре алады.
Гүлхан ЯХИЯ