Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУРГИТРОН аппараты: АУЫРСЫНУСЫЗ ЖӘНЕ ТЫРТЫҚСЫЗ ЕМДЕУ

СУРГИТРОН аппараты: АУЫРСЫНУСЫЗ ЖӘНЕ ТЫРТЫҚСЫЗ ЕМДЕУ


Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Сол себепті, менің гинеколог дәрігер ретінде мақсатым, қоғамымызда бала көтеруге қабілетті, дүниеге дені сау ұрпақ әкелетін әйелдер қатарын көбейту. Осы мақсатта, заман ағымынан қалмай, гинекологиялық қатерлі ісік ауруларының алдын алудағы америкалық заманауи құрылғы, 10.000$ яғни 3,5 миллион теңге тұратын Сургитрон аппаратын әкеліп, іске қостым. Бұл құрылғымен емдеу технологиясын арнайы мамандардың оқу курсынан өтіп, алғашқы емдердің нәтижесін де көріп жатырмыз. Әсіресе, әйелдерде көп кездесіп жүрген жатыр мойыны эрозиясын сургитронмен емдеу – жақсы әдіс.
Қазіргі таңда сургитронды қолдану гинекологияда ерекше танымалдылыққа ие. Сондықтан, оны бала тумаған әйелдерге де жасауға болады. Кейін бұл табиғи жолмен босануға кері әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, гинекологияда жыныс мүшелеріндегі папиллома, кондиломаны, цервикалды каналдың полиптерін алып тастауда пайдаланылады. Бұл процедуралардың барлығы ауыртпай жасалады. Яғни, қансыз операция істеудегі заманауи радиохирургиялық құрал. Ем жүргізілгеннен кейін жазылу мерзімі өте қысқа және тыртық қалмайды. Бұл құрылғы біздің ауданымызға алғаш келуі. Құрметті қыз-келіншектер, осы ақпаратымның сіздерге бір көмегі тиеді деген ниетпен жариялап отырмын. Емделемін деушілерге менің гинекологиялық кабинетімнің есігі әрқашан ашық. Сөзімнің соңында барлық әйелдер қауымын алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.

Әсем ТАУБАЙ,
дәрігер-гинеколог.

(21.08.2017 жылы Қызылорда облысының әкімдігі. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасынан берілген № 17014768 мемлекеттік лицензиясы)
03 наурыз 2018 ж. 837 0