Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » мамырдағы мамыражай мереке

мамырдағы мамыражай мереке

Мамырдың мамыражай мезгілінде келетін бұл мереке біз үшін өте ерекше. Біз қазақтар, сонау сұрапыл соғысты да, ашаршалықты да бастан өткізіп, еш қайыспаған, текті халықпыз. бірілігімізді жоғалтпаған елміз. Тәуелсіздігімізді алып, етек жеңімізді жинап жатқан уақытта өзге ұлт өкілдерін сыртқа итерген емеспіз. Құшағын айқара ашып, барлығын бауырым дейтін бауырмал халықпыз.
Бүгінде Қазақстан бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдер санатында. Жүз отыз ұлт өкілі қазақ шаңырағында, бір әулеттің балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл қазақ елінің соншалықты кеңпейіл, қонақжай халық екенін айқындап тұр емеспе? Қазіргі таңда бір үйдің балалары да, сөзге келіп бір-біріне өкпе артып жатады. Оның жанында діні бөлек, тілі басқа халықты бір мемлекет етіп ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен араз болмай, алауыз қылмай, бірлікті сақтап қалу үшін ауқымды жобалар ұйымдастырылып келеді. Осынау көпұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты шаңырақ астына жиналуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында деп жиі айтады аталарымыз. Иә, біз өркениетті елдердің қатарындамыз. Осы тұста, бейбітшілік дегеніміз не? Ол әрине,тыныштық ертеңгі күнге сенімділік, тұрақтылық пен келісім дер едім. Әрбір қазақстандық осы дүниелердің бағасына жете білу қажет. Қазақ еліне көптеген ел қызыға да, қызғана да қарайды. Себебі көпұлтты елдердің ішінде береке мен бірлігін жарастыра білген елдер өте аз. Адамгершілік пен мейірімділік, татулыққа, көмек көрсетуге шақырып, дұшпан болудан алшақтататын Ислам сияқты дін жоқ. Қазақ жерінде мекен ететін көптеген ұлттар мен ұлыстар өз дінінде, өз тілінде еркін сөйлеп, өз таңдауын жасауға да құқылы. Содан болар, Қазақстан кеңпейілді дос­тықтың символындай көрінеді бізге.
Ел бірлігі жайында ұстазым Жандос Каукенов көп мағлұмат берді. Мәселен, Ассамблеяның негізгі міндеті – ұлттар достығын нығайту, тарихын, мәдениетін салт-дәстүрін қоғамға таныстыру. Елбасы бір сұхбатында өзге ұлт өкілдерін қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін жете білуге міндеттеді. Дегенмен, олар өз ұлтының мәдениетін еркін меңгеріп, тіршілік етіп келеді. Оларда біздің жақсылығымызды, кеңпейіл қонақжайлылығымызды жоғары бағалап, алғыс айтып, ілтипат білдіруден жаңылған емес. Қазақстанның әрбір аумағында қоныстанған ұлт өкілдері өз тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын мүлтіксіз жеткізе алады. Бұл істеріне қазақ елі қарсылық білдірген емес. Сонымен қатар Нұр -Сұлтан қаласында бірлік ыңтымақтастықтың символы ретінде «Пирамида» бой көтерген. Қазақстан халықтары бірлігіне арналған алғашқы архитектуралық бұл нысан әлемде жоқ. Әртүрлі діни дәстүрлерді астына жинайтын бұл нысанды көруге жылына көп деген ұлт өкілдері жиналады. Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің бейбіт және бақытты мемлекет болуына, одан әрі көркейе беруіне үлес қосамыз. Себебі тыныштық бар жерде, бақыт, күлкі, татулық орнамақ. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, қол жеткізген Тәуелсіздігімізді бірлік пен достық әрдайым бекітіп тұрсын!

Сейілхан Бақдәулет
01 мамыр 2020 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930