Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ДОСТЫҚ

ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ДОСТЫҚ

Сәрсенбек Бекмұратұлының отбасылық, энциклопедиялық өмірбаяндық жаңа кітабы осылай деп аталыпты. Кітапқа 40 жыл бойы сыйластықтарына селкеу түсірмей келе жатқан 10 отбасының үлгілі ісі, шынайы қарым-қатынасы арқау болған

«Адамдар арасындағы достыққа жететін ешқандай құдірет болмаса керек. «Туыстың қаны бір, достың жаны бір» демеуші ме еді атам қазақ. «Адамның күні адаммен» деген де тәмсіл бар.
«Достар!
Достар! Мен сендерге қостым үн,
Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.
Достық болып оралады өзіме,
Өздеріңе жасап жүрген достығым» – деп жырлапты ақын Айтқали Нәріков.
«Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз» депті әлемдік саясаткер, АҚШ-тың тізгінін ұстаған білікті прези­дент Барак Обама.
Хадис шәрифте: «Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден артық ештеңе бере алмайды» деген сөз бар...». Өмірбаяндық кітаптың алғы сөзі осындай парасатты пайымдармен өрбіген.
40 жылдан бері жұп жазбай келе жатқан достардың алды қазір шөбере сүйіп отыр. Араларында өмірден озғандары да жоқ емес. Олар бір-бірінің қызықшылығы мен қиындығын бірге көтеріскен, бірге бөліскен жайсаң жандар. Достықтарының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқаны да, бәлкім, осындай ізгі істерінің нәтижесі болар.
Кітап несімен құнды? Біріншіден, 10-15 отбасының бірігіп топ құруы, дос болуы, ұзақ жыл жұп жазбай жүруі өте сирек құбылыс. Тіпті қайсыбір отау құрған жанұялардың өзі осындай ұзақ жыл неке беріктігін сақтай алмай жүргенін көріп жүрміз.
Бір қызығы, кітап кейіпкерлерінің бәрі Шиелінің азаматтары. Олар: Рахман Усманов – зайыбы Мәдина, Әлмырза Ноғайбаев – зайыбы Патыма, Ізбасқан Мұратбеков – зайыбы Қалипа, Сәрсенбек Бекмұратұлы – зайыбы Мархаба, Өркен Исмаил – зайыбы Рая, Өскен Тәшенов – зайыбы Тұраш, Бердібай Түменбаев – зайыбы Айымхан, Ғалымжан (Құламжан) Бегімбетов – зайыбы Күміс, Төрехан Ахметов – зайыбы Клара (Күлжахан), Қуандық Мәмбетов – зайыбы Сәуле. Шиелі ауданының сауда, мәдениет, білім беру, ақпарат және медицина салаларында еңбек етіп, өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосқан жайсаң жандар.
10 отбасының бесеуі қазір Алматыда тұрады. Туып-өскен ауданының игі шараларынан сырт қалмай, тыныс-тіршілігімен біте қайнасып келеді...
Жаңа отау құрған жас жұбайларға, жанұялық өмірін үлгілі өткізуді мақсат тұтқан жандарға отбасылық, энциклопедиялық, өмірбаяндық суретті басылымның берері аз емес.

Ақпамбет САРИН
21 сәуір 2020 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930