Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жақсы келін атанудың сыры

Жақсы келін атанудың сыры

Бірде інім "жақсы келін қандай болуы керек, анам мен жеңгем сияқты келіндер қыз кезінде қандай болады?" деп сұрады. Бұл оның ғана емес, үлкендердің алғысына бөлер жақсы жар алып, ата-анасын бақытқа бөлегісі келетін, балаларының тәрбиесіндегі қайнар бұлақ болатын жарды адаспай тапқысы келетін кез келген бозбаланың көкейіндегі сауал болар деген ойға келдім. Алдыңғы «Бес аруға ғашық бол» тақырыбымен жарияланған материалымызда жақсы жар боларлық қыз баланың бойынан табылуы тиіс қасиеттерді ұсынған едік. Тағы да толықтыра кетейік. Көптің көңілінен шығатын жақсы келіннің бірінші белгісі – ақжарқындығы. Кез келген кісінің тілін тауып, ертеңгі күні енесінің де, қайнысының да көңіліне кірбің келтірмей, баламен балаша, үлкенмен үлкен кісіше байыптылықпен әңгіме жарастыра білетін жан қыз кезінен осындай елгезек болады. Көрген кісісіне күліп амандасып, жымиып сөйлеседі. Екінші белгісі – пысықтығы. Мұны орынды-орынсыз сөйлеп қалатын пысықайлықпен шатастырмау қажет. Жеке заттарына ұқыпты, сырт келбетіне тазалықпен қарайтын қыз үй шаруасында да тиянақты болады. Қазір тамақтың әртүрлі рецебін білмейтін болса да, табиғатынан пысық қыз өз басына түскенде кез келген шаруаны дөңгелетіп әкетеді. Шапшаңдығы. Пысықтықпен қатар жылдам қозғалу да келіннің басты белгілерінің бірі. Аса маңызды қасиет болмағанымен, оның да қажеттілігі бар. Үйіңізге аяқ астынан қонақ келіп қалса, баяу қозғалатын келін әлі бір ыстық тамағын дайындап үлгермесе, келген кісілерден де ыңғайсыз, енесі мен үйдегі үлкендердің де жүйкесін жұқартуы мүмкін. Бірақ бұл қасиетті тәжірибе шыңдайды. Жақсы келін болар қыз балажан болады. Кімнің баласы болса да мейіріммен қарап, тіл табыса біледі. Бала тәрбиесінен хабардар болып, жасынан өз отбасынан алған тәрбиесі мен қоғам тәрбиесін саралай жүреді.

14 мамыр 2020 ж. 153 0

Қоғам

Ақ халатты Ақтоты

08 шілде 2020 ж.

Әлемі бөлек Әшімхан

08 шілде 2020 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8804)

08 шілде 2020 ж.

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам