Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдыңызға талап қойсаңыз...

Алдыңызға талап қойсаңыз...

«Алдыңызға талап қойсаңыз, көздеген мақсатыңызға дөп түсесіз. Сондықтан қандай да бір биікке өрлеймін, арманыма біртабан жақындаймын десеңіз талапшыл болыңыз, өзіңізді қамшылаңыз» деген сөздер бүгінгі қоғамның күнделікті қолданатын аффирмациясы. Иә, бүгінде осы сөздерді қолданып, өміріңізді өзгертіңіз деп ақша тауып жүрген психолог мамандар мен бизнес тренерлер қаптап жүр. Ал оны осыдан бірнеше ғасыр бұрын хакім Абай өз қара сөзінде айтып кеткен.

А.Құнанбайұлының қай қара сөзін алсақ та, ой мен көңілге түйер дүние жетерлік. Ұлы ақын соның ішінде адам бойындағы жаман-жақсы қасиеттерді айна қатесіз әрі жіпке тізгендей етіп бейнелейді. Мысалы, қырық төртінші қара сөзінде біз қаузап отырған талапшылдық мәселесін көтереді. Ол «Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі» дейді. Расымен, талап қоя білмеген адам ештеңеге қол жеткізе алмайды. Балаға қалай талапшыл болуды үйрету де, дұрыс бағыт-бағдар беру де орасан еңбекті қажет етеді. Сондықтан ұрпақ тәрбиелеуде ата-ана да, ұстаз да салғырттық танытпаған жөн.
Абай 44 қара сөзінде тағы да «Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалдарға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс» дейді. Осылайша көпшілікті талапшыл болумен қатар білімді һәм тәрбиелі болуға үндейді, билік пен атақ жолында ар мен ұятты құрбан қылатын қазақтарды сынға алады. Сондай-ақ «Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің» деп адам қандай да бір істі бастар болса, әуелі ниет, одан соң көкірегі ояу болу керек деп топшылайды. Теория жүзінде ғана емес, іс жүзінде іске асыра білу керектігін айтады.
Сондай-ақ А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде маңызды бес асыл іс пен қашық болатын бес жаман іс туралы тарқатады. Соның ішінде «Талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым ойлап қой, Бес асыл іс білсеңіз» деп талапшылдықты баса көрсетіп, бес асыл істің қатарына жатқызады. Ал сіз үшін алға талап қоя білу маңызды ма?

Фариза КЕНЖЕШОВА

22 ақпан 2020 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930