Қазақстанда көп этнос қалай қалыптасты?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дүниежүзіне танылған мемлекет болды. Ұлы Отан соғысы жылдары елдерді еріксіз көшіру науқанынан Қазақстан көп этносты мемлекет болып, бүгінгі күні оны мекендейтін ұлттардың өз Отанына айналды. Дархан даласындай пейілі кең қазақ халқы кәріс, неміс, орыс, тәжік, дүңген сынды ұлт өкілдерін қоныстандырды. Жақын тартып бауырына басты.
Тоталитарлық жүйеде миллиондаған азаматтардың тағдыры тәлкек болып, заман қасіретін арқалап, алғашында жеке адамдар қудаланса, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарына Қазақстан кірді. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына дейін де тоталитарлық жүйенің нақты орталығы болып келді. Себебі, қазақ халқын ашаршылық жылдары, ұжымдастыру кезеңі, қуғын-сүргін уақытындағы демографиялық өзгеріске ұшыратқан кеңестік дәуірдің терең саясаты еді. Оның бір көрінісін Ұлы Отан соғысы жылдарында басқа ұлт өкілдерін күштеп шоғырландыру арқылы тағы да жүзеге асыра түскенін байқауға болады. Сондай-ақ кейіннен ақпан-наурыз пленумының шешімімен ағылып келіп жатқан халықтардың шоғырлануымен толыға түсті.
Өткен күндерге көз тастасақ, Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатына алдымен кәрістер ілікті. Бұл науқанның алғашқы кезеңі 1935 жылы жүзеге асты. Жапон өкіметі соғыс тұсында шекара маңындағы кәрістерге сенімсіздікпен елдің ішіне қарай көшірсе, Кеңес үкіметі де жапон армиясына жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен кеңестік кәрістерді жер аударған еді. Кәрістерді жер аудару науқанының екінші кезеңі, 1937 жылы жалғасты. Онда Қиыр Шығысты мекендейтін кәрістердің 98 454 адамы бар 20 789 отбасы көшірілді. Осы жылдың соңына қарай Әзірбайжан, Армян республикаларынан шекараға жақын орналастырылған күрд, армян, парсы, түрік халықтарының кейбір өкілдері Қазақстанға жер аударылса, Қырым татарларының көпшілігі Өзбекстанға көшірілді. Ал 1940 жылы республикаға 102 мыңдай поляк орналастырылды.
1941 жылы Кеңес-Герман соғысы кезінде халықтарды жер аударудан Кеңес өкіметі, тоталитарлық жүйе ерекше «тәжірибе» жинақтады. Мәселен, Кеңес Үкіметі Президиумының 1941 жылы 28 тамыз қаулысында Еділ бойында тұрып жатқан немістерді қоныс аударуға ұйғарды. Осы қаулыдан кейін Ленинград аймағынан 96000 адам немістер мен финдерді жер аудару көзделіп, олардың 15000 адамын Қазақстанға жіберуге ұйғарылған. 1941 жылдың 6 қыркүйегінен басталған күштеп көшіруге бес күннің ішінде Мәскеу қаласынан және Мәскеу облыстарынан 8617 немісті және Ростов облыстарынан 21400 немісті Қазақстанның әр облыстарына көшіреді. Мәселен, сол кезде Қызылорда облысына 8000 неміс қоныс аударады. Міне, осындай ойдан жасалған заңға байланысты күштеп қоныс аудару негізгі операциясы Ұлы Отан соғысы кезінде іске асырылып, бүкіл соғыс кезеңінде (1946 жылғы есеп бойынша) КСРО-да жалпы жер аударылған 2 463 940 адам болса, (ал басқа деректерде 2 826 419 адам), олардың ішінде Қазақстан Республикасына жер аударылған халықтардың жалпы саны 1 млн 200 мың адамға жеткен. Сонда кейбір құжаттарда көрсетілгендей, күштеп көшірілген халықтардың тең жартысынан көбі Қазақстанға жөнелтіліп отырған.
Сөйтіп екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, балғар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде еріксіз көшірілсе, соғыстан кейінгі ақпан-наурыз пленумы бойынша да келген халықтар тұрақтап, еліміз көпұлтты мемлекетке айналды.
Қазақтың наны тәтті де, тілі ащы ма?
«Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз» – деген қазекемнің қамқор көңілінде шек жоқ-ау. Иә, біз көпұлтты елге айналдық. Бейбіт күннің астына 130 этнос өкілін сыйдырып отыру тек қазаққа ғана тән қасиет шығар. Қалаған тілін, таңдаған дінін ұстанады. Бар жақсысын алады, зәулім ғимаратты да салады. Біз қазақ сондай, өзім дегенге өзегімізді суырып береміз. Өзге ұлт демей, бауырым деп арқасынан қағамыз. Ал бауырдың баста орналасқанын қайдан көрдіңіздер? Қордайдағы мәселе соның айғағы.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, қазақ пен дүнген жігіттерінің арасындағы түсініспеушіліктің арты үлкен шуға ұласты. Қайғылы оқиға орын алып, адам шығыны болды. Әзірге комиссия мүшелері бұл істің ара-жігін ажыратуда. Олардың арасында мәжіліс депутаты Б.Смағұл да бар. Ол Масаншыдағы мәселені көзбен көріп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған соң «Дүнгендер тек Құранды ғана емес, қоғамды сыйлай білуі шарт» деп жазды әлеуметтік желіде. Иә, заң бәріне ортақ. Қазақстан Республикасында өмір сүрген соң Ата заңға бағынып, салт-дәстүрін құрметтеп, тілін үйрену – кез келген халықтың парызы. Әлде А.Осман айтпақшы «Қазақтың наны тәтті де, тілі ащы ма?».
Қатал қыстың қаһары сетінеп, көктем шығар күн жақын. Аз уақытта 1 наурыз – Алғыс айту күні келеді. Бұл – елдегі барлық этнос ризашылығын білдіріп, қиын-қыстау мезетте пана болған қазаққа алғыс жаудыратын мереке. Тек жай сөзбен емес, шынайы пейіл, ақ ниетін аңғартатын сәт. Сондықтан осы мереке қарсаңында барша этнос ауызбіршілік танытып, сый-құрметін көрсетсе, бірлігі нығая түспей ме? Әсіресе, ұлан байтақ қазақ жерін еркін басып, асын ішіп, нанын жеген әрбір адам қазақ тілінде жүрек жарды лебізін білдіруі қажет. Ал Қазақстан Республикасына деген құрметті, халқына деген сыйластықты Қазақстан халқы ассамблеясы үнемі назарға алып, үйретіп отырса құба-құп емес пе?

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ