Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы


Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған ма­ңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиіне көшуі, сайып келгенде, мемлекеттік тіліміздің бола­шағын ойлап, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Әліпбиді ауыстыру ең алдымен, тілдік қажеттілік. Бұл еліміздің болашағы үшін жасалған тың қадам.
Бекітілген жаңа нұсқаны қолдай­тындар көп. Қазақ қарпінің кең қолданыс­тағы латыншаға өтуі технология тіліне жақын болып, цифрлық ғылымды мең­геру­ге мұрындық болады. Бұл жаңа дәуірге қадам басқанмен тең.
Ал, осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни болашағы зор. Сондықтан, Елбасы шешімін қолдап, оны ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

Татьяна НУШТАЕВА,
«Ұлт бірлігі» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.
25 ақпан 2018 ж. 1 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031