Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әлемге танылған Абай

Әлемге танылған Абай

Биыл тәуелсіз қазақ елінің тарихында ерекше жыл. Ұлы ақын, жазушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толмақ. Даңқты тұлғаны өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында №49 орта мектебінде «Өз жұлдызыңды жандыр» атты әдеби музыкалық сайыс өтті. Шараны мектеп мұғалімдері Қ.Ахметова, А.Жақыпова, Р.Рүстемова ұйымдастырды.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» деп Ж.Ысмағұлов дөп басып айтқандай, аталған шарада ұлы Абайдың мұрасына қаныққан бастауыш сынып оқушылары өнерлерін ортаға салды. Бірінші айналым бойынша З.Палман, П.Кеңесбаева, Г.Абдреева, П.Манауова, Қ.Ахметова, Э.Бердібекова, Ж.Сүлеймен, Д.Биманова жетекшілік жасайтын сыныптар жүлделі орындарды иеленіп, алғыс хатпен марапатталды. Одан әрі «Қазақта қара сөзге дес бермедім» деп аталатын екінші кезеңде Ә.Әбдіманап бас жүлдені иеленсе, А.Оразмаханға І орын бұйырды. Ал ІІ орын А.Сұлтанахмедтің еншісіне тиді. Келесі орын А.Ермағанбетованың қанжығасында. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында ғана «Абай және ХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жолдап, қазақ зиялысының мәртебесін арттырды. Сондықтан Абайды тану мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз.

Г.ДҮЙСЕБАЙ


14 қаңтар 2020 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (8759)

25 қаңтар 2020 ж.

№5 (8758)

21 қаңтар 2020 ж.

№4 (8757)

18 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам