Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылы қызу талқыланған фотосуреттер

2019 жылы қызу талқыланған фотосуреттер

Таяуда әлеуметтік желілерде қар тазалап жүрген әйелдің суреті жарияланып, бірден қызу талқылана бастады. Фотосуретте жұмысшылардың жол жиегін қардан тазалап жатқаны көрсетілген. Сол сәтте джип жүргізушісі жолға шығуға тырысып, үйілген қардың үстімен өткен.

«Алматы орталығында, шамамен, Жамбыл мен Қабанбай батыр көшелерінде досыммен кетіп бара жатқанбыз. Сол сәтте сол әйел мен басқа жұмысшылар үйіп қойған қардың үстінен джип өтті. Бұдан қызық кадр шығатынын түсініп, терезеден смартфоннан суретке түсіріп алдым», — дейді фото авторы Вадим Винокуров.

Фотосурет 23 желтоқсанда жасалған. Оны өңдегеннен кейін Вадим Винокуров Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Бірақ сурет Қазнетте таралып, қолданушылар оны қызу талқылайтынын күтпеген. Көбіне көлік қожайынының әрекеті ұнамаған.

«Адамдар, мейірімдірек әрі қайырымдырақ болайық. Өздеріңді ғана ойламаңдар!», «Бәрі бумеранг болып оралады. Бүгін ол қымбат көлікте отыр, ертең әйелдің орнында болуы мүмкін», «Иә, өкінішке қарай, мұндай «жаман» адамдар көп, оған қарды өзіне тазалату керек еді. Басқаның еңбегін бағалап үйренсін», — деп жазып жатыр суреттің астындағы пікірлерде.

Автобуста сығылысқан оқушы

Биыл қыркүйекте Қазнетте оқушы баланың суреті тарай бастады. Фотода мектеп киімін киген бала адам толы автобустың ішінде сығылысып тұр. Адамдардың көп болғанынан оқушының беті көлік терезесіне жабысып қалған.

Басында бұл суреттің қайда түсірілгені жайлы түрлі нұсқалар болды. Сурет Қырғызстанда түсірілген деген нұсқа да болған. Бірақ кейін оның Түркістан қаласында түсірілгені анықталды. Қазнет қолданушылары түркістандық оқушыға қолдау көрсеткен болатын.

«Ол не болса да оқу керек деп ойлап тұрған шығар», «Күлкінішті ештеңе жоқ. Байғұс бала», «Мектепке кез келген жағдайда бару керек болып тұр ғой. Байғұс балалар», «Қазақстанның бар мәні бір ғана суретте», — деген секілді пікірлер жазылған.

Кейін бұл суретке қатысты Түркістан әкімі Рашид Аюпов пікір білдіріп, қалада жолаушылар автобусының жеткіліксіз екенін айтқан еді.

«Иә, көлік жетіспей тұр, бірақ бұл мәселені шешіп жатырмыз. Қазір автопаркті жаңарту үшін келісім бойынша Қытайдан Yutong маркалы автобустарды тікелей сатып алынып жатыр», — деген еді сол кезде өңір басшысы.

Мәншүк ескерткіші


Фото:arnapress.kz

Өткен айда Қазнет қолданушылары Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мүсінін сынға алып тастаған. Мүсіннің суреті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Батырдың мүсіні Семейдің Жеңіс паркінде қойылуы тиіс болған. Бірақ қала тұрғындары мен Қазнет қолданушылары мүсіннің суретін көріп, авторларын сынға алған.

«Кешіріңіздер, бірақ бұл ұсқынсыз», «Шығармашылық кеңес қайда? Кім рұқсат берген? Бұл қорлаумен тең», «Мәншүк Мәметова фотосуреттер мен кинода өте сұлу, ал мұнау не, мұнда бет-әлпеті өте ұсқынсыз, оның үстіне ағашқтан жасалған, өкінішті», — деп жазған әлеуметтік желілерде.

Кейін мүсіннің авторы Юлия Куртукова мүсін үшін кешірім сұрап, оны паркке қоймайтындарын айтқан.

«Ешқандай экскиз жоқ, образ бен картина жұмыс барысында көріне бастайды. Бұл кей адамдардың наразылығына алып келді. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін ескеріп, өз жұмысымызға демонтаж жасадық. Оған өкінбейміз. Жұмысымыз кімнің көңіліне тиді — кешірім сұраймыз», — деген еді Куртукова.

Мүсінге Семей әкімдігі тапсырыс бергені белгілі болған. Өңір басшылығы желілердегі сыннан кейін мүсінді қалаға қоюдан бас тартты. Tengrinews.kz тілшісі биыл Желіде ең қызу талқыланған суреттерді жинап шықты.

aqparat.info


25 желтоқсан 2019 ж. 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031