Баюға не кедергі?
Түйсігіңізге сүйене отырып, төрт әмиянның қайсысына ақшаңызды салар едіңіз деген сұраққа жауап беріңіз. Бірінші әмиян Қаржылық мәселелер өзінен өзі шешілуін армандайсыз.
Осылай өмірден ләззат алғыңыз келеді. Мұндай оймен тек ақшаны «қуып жібересіз». Оны өз өміріңізден көргіңіз келмейді. Ақшамен достасуды үйреніңіз: оны жоспарлаңыз, санаңыз, құрметпен қараңыз. Сонда үйіңізде материалдық тұрақтылық орнайды. Екінші әмиян Сіз бюджетті жақсы түсініп, оны жоспарлай білетін жандар қатарынансыз. Ақшаның құдіреті мен қадірін білесіз. Осы қасиетіңізге қуанып, пайдалан алмасаңыз, байымайсыз. Ақша құр санауды жақсы көрмейді. Ол қуаныш сыйлауды ұнатады. Кейде жан қалауыңыз үшін ақшаны есепсіз шашуға да болады. Үшінші әмиян Сіз ақшаны жақсы көргенмен, оны табуды жақсы көрмейсіз. Бюджетіңізді жоспарламайсыз. Сондықтан ішіңіздегі ақша энергиясын жақсарта алмайсыз. Тұрақтылық та орнамайтыны осыдан. Қаржылық сауатыңызды арттырып, ақшаға деген көзқарасыңызды өзгерту керек. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын жұмыс табыңыз, сонда капиталыңызды арттырасыз. Төртінші әмиян Сіз ақшаны жақсы табасыз, оған деген көзқарасыңыз да дұрыс. Қадірін білесіз. Өз әмияныңыз да сондай әдемі болар. Ішіне ақшаны қалай болса солай тыға салмай, ұқыптап, реттеп саласыз. Біздің бір ғана кеңесіміз – капиталыңызды арттыру үшін сараң болмаңыз. Сізден көмек сұраған адамға қаржылай қолдау көрсетіңіз, сонда ақшаңыздың берекесі кіреді.