Тегін нан таратқан мейірімді жан

– Бұл қайырымдылық шарасы қасиетті жұма күнінен бастау алды. Шын мұқтаж жандарға титтей де болса жәрдем беріп, сауабын алғанға не жетсін? Бұйырса, енді күнделікті таңертең сағат 10-нан бастап дүкенге нан әкелінеді. Оны қажет деп тапқан кез келген адам алуға болады, – дейді.
Жомарт азамат бұл істі күнделікті тоқтатпауды көздеп отыр. Енді күн сайын өңірдегі бірнеше отбасы тегін нан алып, қуанышқа бөленетін болады.
«Өскен өңір» ақпарат