Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәтті өткен семинар

Сәтті өткен семинар

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бейсенбі күні «Заман» мейрамханасында семинар-тренинг өтті. Жұмыссыз жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық ­жастар қатысты.
Жиын барысында бизнес-тренер Шыңғыс Үмбетаев сөз алып, «Бизнес ойлау және табысты кәсіпкер дағдылары» атты тақырыппен кәсіпті қалай бастау керектігіне тоқтала келе, қарапайым ойлау мен кәсіптік ойлаудың айырмашылығын көпшілікке түсіндіріп берді. Одан әрі «Қызылорда – ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Сағындық Байділдаев «Кәсіпкер болу – табысты болу» атты тақырыппен жалғастырып, кәсіп бастай отырып, табысқа жету жолдарын айқын көрсетті. Көпшілік арасынан аудандағы жас ғалым, кәсіпкер Баян Сабырқызы да өзінің еңбек жолын айта келіп, жастарға құралақан жатпай, еңбектену керектігін айтып, кәсіп бастауға шақырды.
Болашақ жастардың қолында екені белгілі. Шынында жастар көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты һәм саналы болса, еліміздің болашағы да жарқын. Үш сағатқа созылған семинар-тренинг нәтижесінде жастарға керекті ақпараттар айтылып, кез келген мүмкіндікті тиімді, дұрыс пайдалану бойынша кеңестер берілді. Ендеше еліміздің дамуына, кәсіпкерлікті дамытуға арналған шараның пайдасы тиері сөзсіз.

Фариза КЕНЖЕШОВА
14 желтоқсан 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930