Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады

Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады

Ескі жүйеде қосымшаның функциясын одан әрі кеңейту мүмкін болмағасын компания осындай қадамға барған
WhatsApp мессенджері Windows Phone операциялық жүйесі қолданушыларында және Android пен iOS-тың ескі нұсқаларында істемейтін болады, деп хабарлайды Daily Mail.

Windows Phone-да хат алмасу сервисі 2019 жылдың 31 желтоқсанында тоқтатылады. Операциялық жүйесі Android 2.3.7-ден және iOS 8 –ден ескі болса бұл қызмет 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болмайды. Басылымның ақпаратына сәйкес, миллиондаған адам WhatsApp-сыз қалады.

Мессенджер Android 4.0.3-тен және iOS 9-дан бастап қолжетімді болады. Компания мұндай қадамға ескі жүйеде қосымшаның мүмкіндігін одан әрі кеңейту мүмкін болмағасын барған.

Тағы оқыңыз: Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды

Бұған дейін WhatsApp қолданушы жіберген хабарламаларды автоматты түрде өшіретін функция қосатынын хабарланған болатын. Сондай-ақ, таймер уақытын да реттеуге болады. Бір сағат, бір күн, апта, ай және жылдан соң деп белгілеуге болады.

10 желтоқсан 2019 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930