Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сән әлеміндегі мамандықтар

Сән әлеміндегі мамандықтар

Сән әлемінде мансап құру – тамаша идеяның бірі. Бұл индустрияда түрлі рөлдер бар. Сән саласында кез келген жұмыстың өз орны бар: экзотикалық фотосессиядан бастап сән блогтарын жүргізуге дейін таңдау бар. Сән индустриясында кең тараған 8 мамандықты ұсынамыз. Киім технологы Тігін технологы – иірімжіптер, маталар және талшықтарды қиыстырып, тестілеу арқылы жаңа материалдарды өңдеумен және олардың дизайнымен айналысатын инновациялық жұмыс. Сонымен қатар, технологтар өңдеу әдістерін жақсартудың басқа амалдарын іздеп, оны тиімді етуді ойластырады. Бұл мамандықта сапаны бақылау мен зерттеу жұмысы маңызды рөл атқарады. Сәнгер (модельер) Дизайнерлер – бұл саладағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Олар – киім дизайнын және сәнді топтамаларды ойластыратын шығармашыл адамдар. Сән дизайнерлері жеке брендтерде, бутиктерде және басқа түрлі орындарда жұмыс істейді. Суретші-сәнгер (немесе иллюстратор) Сән иллюстраторлары дизайнерлермен бірге жұмыс істейді. Олар бірге тұжырымдамалық нұсқасын жасайды және сәнді тауарлардың (киім, аяқ киім, аксессуар) суретін салады. Сонымен қатар, иллюстраторлар жарнамалық материалдарға арналған баспа түрде де, онлайн түрде де жарнамалық көшірмелер мен суреттер дайындайды. Мерчендайзер Мерчендайзерлер тауарлар дүкенде уақытында және қажет мөлшерде пайда болатынына кепіл беру үшін сатып алу бөлімімен тығыз жұмыс істейді. Бұл мамандықта сату тиімділігінің дәл мониторингі жасау мен нақты болжам қоя білу маңызды. Мерчендайзердің рөлі әр мерзімдегі дүкен кірісімен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ жарнамалық акцияларды ұйымдастырады. Киім стилисті Сән стилистері фотосессияға немесе фильмге арналған фотографтың немесе арт-директордың ойындағы үлгіні өмірде жүзеге асыруға көмектеседі. Оны шығармашылық мамандық десе де болады. Сән стилистері жарнама бөлімі, кино саласы, редакциялық бөлім және түрлі медиа-ұйымдармен жұмыс істейді. Жеке стилист Жеке стилистер адамдармен жекелей жұмыс істейді. Олар стиль мен киімге қатысты кеңес беріп, киім таңдауға көмектеседі. Бұл мамандықта сән туралы білімінен бөлек адамдармен дұрыс сөйлесе білуі мен қызмет көрсете алуы да маңызды рөл атқарады. Сән журналисті Әдетте, сән журналистері пиар мамандарымен бірге жұмыс істейді. Сән журналистері газет, журнал, теледидар және сән сайттары мен блогтарында жұмыс істейді. Қоғаммен жұмыс істеуші менеджер Олардың жұмысы адамдарға бағытталған. PR бөлімі брендтің мықты бағыты мен қоғамдық имиджін қалыптастыру үшін сән лейблдарымен және дара саудагерлермен жұмыс істейді. Сонымен қатар, жаңа өнімнің бұқаралық ақпаратқа таралуын қадағалайды.

09 қараша 2019 ж. 1 622 0