Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфон ерте қартайтады

Смартфон ерте қартайтады


Гаджет экрандары шығаратын көгілдір сәуленің ұзақ уақыт әсер етуі көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді.
Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Орегон университетінің ғалымдары жасады. Зерттеу нәтижелері туралы қысқаша Science Daily басылымы жазған.
Сарапшылар Drosophila melanogaster шыбын денесінің күнделікті 12 сағаттық көгілдір жарық диоды әсеріне қалай жауап беретінін тексерді. Күндіз-түні жарық сәулесіне ұшырағандар бақылау тобындағы қараңғыда немесе жарықта сүзгіден өткен көгілдір сәулелерде жатқан жәндіктерден бұрын өліп жатты.
Эксперимент тобындағы шыбындарда мидың тор қабығы мен нейрондары, сондай-ақ қозғалыс белсенділігі бұзылған.
Кейбір жәндіктер көзі дамымай қалған мутанттар болды. Дегенмен, тіпті көзсіз шыбындардың да миында бұзылулар болды. Жалпы, көгілдір жарық қартаю процесін жеделдетіп, стресстен қорғаныс реакциясын жасауға қатысатын кейбір гендердің белсенділігіне әсер етеді.
26 қазан 2019 ж. 492 0