Компьютер алдындағы уақыт сабақ үлгеріміне әсер етпейді – зерттеу
«Балалардың нашар үлгерімі мен телевизор немесе компьютер алдындағы уақытқа еш байланысы жоқ. Испаниядағы Хайме І университетінің ғалымдары 23 мемлекетте өткізілген 58 зерттеуді қарастырып, осындай шешімге келді, деп жазады Қазақпарат JAMA Pediatrics басылымына сілтеме жасап. Автордың айтуынша, Мирейи Аделантадо Ренау бастаған зерттеушілер тобы төрт жастан он сегіз жасқа дейіні 480 мың баланың теледидар мен компьютер алдындағы уақытының сабақ үлгерімі мен бағасына әсерін зерттеген. Ғалымдар гаджет алдындағы уақыт сабақ үлгеріміне әсер етпейді деген қорытындыға келді. «Бұл зерттеу XXI ғасырдағы өмірдің елу жыл бұрынғы өмірден ерекшеленетінін көрсетеді. Қазіргі таңда кейбір міндеттерді экран алдында атқаруға болады. Ата-аналар баланың компьютер алдындағы уақыты зиян емес екенін, бірақ бала экран алдында не істеп отырғанын білу маңызды екенін ескерулері керек», деп жазады авторлар. Олардың айтуынша, видеоойындар акдемиялық үлгерімге кері әсер етеді, ал пайдасыз телебағдарламаларды жиі көру лингвистикалық және математикалық қабілеттерді төмендетеді.