Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде теміржол туралы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды

Елімізде теміржол туралы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды

BAQ.KZ. ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын ұсынды.

Ведомстводан хабарлағандай, баспасөз мәслихаты барысында ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев заң жобасының басты аспектілерін атап өтті.

Берік Камалиевтің мәліметінше, темір жол саласын реформалаудың басты мақсаттарының бірі жүк тасымалының бәсекелестік нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, жеке жүк тасымалдаушылардың МТЖ-ға қол жеткізуі үшін жағдай жасау болып табылады.

«Осылайша, жолаушылар тасымалына арналған шығындарды айқын есепке алу және бақылау тетігі іске асырылатын болады, бұл ретте жолаушылар тасымалын қолдаудың бірден бірнеше құралдарының болуын назарға ала отырып, атап айтқанда: билеттерге төмен тарифтерді белгілеу, жүк тасымалы есебінен жолаушылар тасымалын тоғыспалы субсидиялау, жолаушылар тасымалын мемлекеттік бюджеттен субсидиялау, жолаушылар жайылымдарын сатып алуға қолдау көрсету», - деп хабарлады вице-министр.

Бұдан басқа, субсидиялар бөлу тетігінің транспаренттілігін және жолаушылар тасымалын қолдаудың өзге де нысандарын арттыру, жолаушылар тасымалдаушылары үшін ашық және тең қызмет жағдайларын ұсыну, олардың тиімділігін арттыруға қол жеткізу, жеке сектордағы қазіргі заманғы қажеттіліктерді ескере отырып, жолаушылар локомотивтік тартымын дамыту күтілуде.

Заң жобасымен Кәсіпкерлік кодекске, салық кодексіне және «темір жол көлігі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізу ұсынылатын жүк транзиті ұғымын енгізуге байланысты түзетулерді қоспағанда, өзгерістер мен толықтыруларды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жыл мерзімге қолданысқа енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, "Атамекен" ҰКП-да тұжырымдама жобасын талқылау шеңберінде нарық субъектілері, атап айтқанда жеке жүк тасымалдаушылары оларды жолаушылар тасымалдаушыларының шығыстарын тоғыспалы субсидиялауға қатысуға енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстар тұтастай қолдау тауып, екінші кезеңде енгізуге ұсынылады.

13 қыркүйек 2019 ж. 517 0