Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылдан бастап медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі

Келесі жылдан бастап медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі

BAQ.KZ. 2020 жылдан бастап медициналық қызмет қос пакет бойынша көрсетіледі. Бұл туралы МСҚ қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг кезінде айтты.

Оның біріншісі – мемлекет тарапынан кепілдік берілген, республикалық бюджет арқылы қаржыландырылатын тегін медициналық көмек пакеті. Екінші пакет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға арналған.

“Соңғы уақытта қала жұртшылығы едәуір өсті, ересектер саны 20%-ға, жастар 24%-ға артты. Сәйкесінше медициналық көмекке жүгінетіндер саны да артып отыр, яғни олар қосымша күшпен қаржыландыруды қажет етеді”, - деді ол.

Еліміздің барлық азаматы пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитариялық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар сырқаттар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамту, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кірген.

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, тегін көмек тізіміне енбеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тегін көмек пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стацинарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ”, - дейді Әбілдаев.

Сонымен қатар ол өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған ел тұрғындары осы екі пакетті де пайдаланып, медициналық көмектің барлығына қол жеткізе алатынын айтты.

“Олар бірінші кезекте бірыңғай әлеуметтік төлемді жасау керек. Ол қала тұрғындары үшін 2525 теңгені құрайды. Ауыл тұрғындары осы соманың жартысын төлейді", - деді ол.

Тілеухан Әбілдаев қос пакеттің айырмашылығын да түсіндірді. Айтуынша, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды әлеуметтік стандарт болып табылады. Оның мақсаты – шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайларға душар болған науқастарға көмек көрсету. Сақтандыру пакеті пациенттердің өмір сапасын жақсартуға, ұлт болашағының негізін қалауға бағытталады.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсетіліп жатыр. Бұл жүйенің осал тұстарын тауып, проблемаларды 2020 жылға дейін, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізгенге дейін шешуге мүмкіндік береді.
10 қыркүйек 2019 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930