Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті

Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды. Sputnik. Мемлекет басшысы ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі "Лукойл" компаниясының үлесін жоғары бағалады.

"Лукойл" – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.
05 қыркүйек 2019 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031