Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер тісті құртатын он тағамды атады

Дәрігер тісті құртатын он тағамды атады


Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады. Бұл туралы "Известия" басылымы жазды.

Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.

"Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады.

Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.


31 тамыз 2019 ж. 1 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930