Ақуыз жетіспейтінін қалай анықтаймыз?
Ақуыз – жасушалардың негізгі құрылыс материалы. Ол барлық ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне аса қажет. Егер ол ағзаға қажетті мөлшерде келмесе, адам денсаулығы нашарлай түседі. Тамақтану үлесіңізге ақуыз жетіспейтінін білдіретін белгілер бар. Үнемі тамақ жегіңіз келіп тұрады Түскі ас пен кешкі ас арасында тіскебасар жеу немесе тамақтанған соң 2-3 сағаттан кейін қарын ашу – қалыпты жағдай. Егер тамақтанып болған соң қайтадан қарныңыз ашса, ол дұрыс емес. Ақуыз қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі, көмірсулардың сіңуін баяулатады, сондықтан тоқтық сезімін сақтауға ықпал етеді. Егер үнемі қарныңыз аша берсе, ағзаңызға ақуыз мөлшері жетіспеуі мүмкін. Зат алмасу баяулайды Егер адам қажетті мөлшерде ақуыз алмаса, бұлшықет салмағын жоғалта бастайды. Сондықтан зат алмасу баяулайды. Нәтижесінде, ағза тыныштық күйінде аз калория жоғалтады. Зейін қою қабілетіңіз төмендейді Ақуыз біздің миымызды жұмыс жағдайында ұстап тұратын ферменттер мен нейротрасмиттердің қалыпты өңделуіне қажет. Егер ақуыз жетіспесе, зейін қоюыңыз әлсірейді, сондықтан қандай да бір міндетті шешу қиынға соғады. Жарақат ұзақ жазылады Тіндердің қалпына келуіне және өсуіне ақуыз өте қажет. Сонымен қатар, ол дұрыс қанағымды қамтамасыз етуге және зақымдалған тін бөлігіне оттек жеткізуге керек. Сондықтан ақуызы аз диеталар сүйек сыну немесе сүйек салмағының жоғалу қаупінің жоғарылауына әкеледі. Анемия болу қаупі жоғарылайды Ақуызға бай өнімдерде әдетте темір, B12 дәруменінің мөлшері жоғары болып келеді. Ақуызды өнімдерді жемейтін адамдар осы маңызды элементтерді жеткіліксіз мөлшерде алатындықтан анемия болу қаупін жоғарылатып алады. Ісік пайда болады Ақуыз жетіспеуінің тағы бір белгісі – сұйықтықтың жиналуы немесе ісіну. Альбумин ақуызы сұйықтықтың дұрыс айналуына көмектеседі, ал оның жетіспеуі сұйықтықтың тұрып қалуына әкеледі. Тырнағыңыз сынғыш әрі жұмсақ бола түседі Ағза үнемдеу режиміне қосылған кезде бірінші кезекте шаш пен тырнақ қиналады. Егер жеткілікті мөлшерде ақуыз алмасақ, ағза маңыздылығы аз органдарды (мысалы, тырнақ) "ысырып" тастап, бағалы ресурсты өмірлік маңызы бар органдарға жібереді.