Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген итальян тіліндегі жаңа әнін таныстырды

Димаш Құдайберген итальян тіліндегі жаңа әнін таныстырды


Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочиде өткен «Жаңа толқын - 2019» ән байқауында итальян тілінде ән шырқады. «Passion» (Құмарлық) деп аталатын жаңа туындының сазын – танымал композитор Игорь Крутой, сөзін – ақын Лилия Виноградова жазған. Айтулы шарада өнер көрсеткен сәтін әнші өзінің instagram аккаунтына салды. Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Татарстан астанасында өткен WorldSkills Kazan 2019 шарасында ән айтып, кейін Татарстан президентімен кездескен еді. Сондай-ақ осы қалаға сапары кезінде ол балалар хосписіне арнайы ат басын бұрып, кішкентай жанкүйерімен жүздесті.
24.kz
29 тамыз 2019 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031