Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажылық – серуен емес, сауапты сапар

Қажылық – серуен емес, сауапты сапар

Мұсылман баласының Алладан басқа тәңір жоқ, яғни Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, қажылық қылу секілді парыздары бар.
Кәмелет жасына толған, есі түзу, денсаулығы жақсы, айналасына қарызы жоқ, дәулеті жеткілікті мұсылманға қажылық парыз етілген. «Қажылық» деген сөздің мағынасы «қасиетті жерге баруға ниет ету» дегенге саяды. Қажылық кезінде жасалатын амалдар (қағбаны айналу, шайтанға тас лақтыру, Арафада тұру, ихрамға кіру) Адам атадан бұрын пайда болған. Қасиетті Құранның Әли-Имран сүресінде жер бетіндегі ғибадат ету үшін салынған алғашқы үйдің Меккедегі Қағба екендігі жазылса, Алла Елшісі (с.ғ.с.) өз хадисінде «Қажылық адам баласын рухани кемелдендіріп, тәубеге бастайды. Сондай-ақ бұл үлкен тәрбие мектебі. Ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек қана жәннат» екендігін айтқан.
Киелі Шиелі өңірінде жыл сайын қажылық парызын өтеп келушілердің тізімі көбеюде. Өткен жұмада Ы.Жақаев ауылының тұрғыны Нұрлан Махмудов үлкен қажылықтан ерекше әсермен оралды.
– Қажылық – сөзімізге абай болып, амалымызды мұқият орындауға, жағымсыз әдеттен арылып, көркем мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Парыз өтеу кезінде жер жүзінің әр түкпірінен келген жамағатты, шын иман келтірген муминдерді көрдім. Әрқайсысымыз әр жақтан жиналсақ та біздегі сенім бір, Жаратушымызды тануымыз бір. Миллиондаған жамағатпен бірге құлшылық жасау сөзбен жеткізе алмас керемет сезім. Оны әр мұсылман өзі сезініп көруі керек. Өзім біраз уақыттан бері қажылық парызын өтеуді ойға алып жүрген болатынмын. Алла сәтін салып, «Атлас» компаниясымен барып келдім, – дейді қажы.
Жоғарыда айтып кеткендей, Меккедегі ғибадат орны қағбадан бұрын жер бетінде ешбір құрылыс болмаған. Хадисте Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы екеуiне Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» деген. Адамның (ғ.с.) қажылық жасағанын көрген перiштелер «Қажылығың қабыл болсын, ей Адам (ғ.с.) бiз де бұл үйдi сенен 2000 жыл бұрын зиярат еткенбiз», – дептi.
Мұсылман үшін Меккеден мәртебелі мекен жоқ. Объективті түрде қарасақ, Арабия – жер бетіндегі ең танымал мекен. Қағбаның айналасын миллиондаған мұсылман 24 сағат бойы айналады.


Назерке
МҰХАМЕДИЯРОВА

27 тамыз 2019 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930