Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Спорт университеті ашылады

Елімізде Спорт университеті ашылады

24.kz Болашақта Қазақстанда Спорт университеті құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақта елімізде Спорт университетін құру жоспарда бар. Ол жерде барлық салаларда спортшыларды дайындаумен байланысты түрлі бағытты қамтитын факультеттер болады. Спорт университеті барлық проблеманы шешуі тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, өзге де мемлекеттік органдармен келісу процедурасын өткізіп жатырмыз. Сондықтан мәселе әзірше ашық, біз барлығын әзірледік, ұсыныс енгізудеміз. Мәселе шешіліп жатыр. Таяу 4 жылдың ішінде шешіледі», – деді Серік Сәпиев.
26 тамыз 2019 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031