Өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаңыздар!

Өрттің алдын-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
Тұрғын үйлерде, учаскелерде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Тыйым салынады:
1)қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Құрметті азаматтар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер сіз өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Шиелі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі