Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Онколог қатерлі ісіктің басты 5 белгісін атады

Онколог қатерлі ісіктің басты 5 белгісін атады

24.kz Таяуда қазақстандықтардың қатерлі ісік скринингі тексерулерінен тегін өте алатыны хабарланған болатын. Дәрігерлер бүгінде елімізде жатыр мойны обыры, сүт безі қатерлі ісігі, асқазан мен өңеш қатерлі ісігі сияқты бағыттар бойынша тегін скрининг жүріп жатқанын еске салған еді. Скрининг ауру пайда болмас бұрын ісікті табуға және ерте диагноз қойылған кезде ісік түрін анықтауға, ісіктен болатын өлімді азайтуға бағытталған. Себебі, статистикаға сүйенсек, елімізде соңғы 20 жылда қатерлі ісік аурулары екі есе көбейген. Онколог Жансая Сатиева бұл дерттің басты белгілері мен оның қалай алдын алуға болатынын айтып берді. Дәрігер көп жағдайда қатерлі ісіктің белгілері байқала бермейтінін айтады. Дегенмен дерттің кейбір белгілері қайталана берген жағдайда, маман дәрігерге көрінуге кеңес береді.

Дерттің маңызды белгілері:

- Жөтел;
- Дауыстың қатты қарлығуы; 
- Салмақ тастау; 
- Тамақтың жұтынған кезде ауыруы; 
- Мойынның ісінуі, ауыруы; 
- Несеп шығару проблемалары. 

«Ең бірінші маңызды әрі басты белгі деп салқын тигеннен болатын маусымдық ауруларға қарамастан, үнемі жөтел мен дауыстың қарлығуын атар едім. Бұл белгілер екі аптадан аса уақыт қайталанса, дәрігерге қаралған жөн. Әсіресе, дауыстың қарлығуы тоқтамаса бұл өкпе немесе өңеш обырының белгілері деген сөз. Ал жөтел ешқандай дәрі-дәрмектің көмегімен кетпесе, ол да өкпенің зақымданып, ісік пайда болу қаупі бар екенін білдіреді. Қатерлі ісіктің екінші белгісі - тамақтың жұтынған кезде ауыруы. Кейбіреулер дәл осы белгіні жүйке жүйесі ауруларының белгілерімен шатастырады. Бірақ жұтынғанда тамақтың ауыруы ас қорыту жүйесіндегі проблемалардан бөлек, қатерлі ісікті тудыруы әбден мүмкін», – дейді онколог.

Дерттің тағы бір белгісі ретінде дәрігер себепсізден-себепсіз салмақ тастау екенін айтады. «Күйзеліске түсіп, біраз салмақ тастапты» дегенді жиі естіп жатамыз. Бірақ ол фактордан басқа себептер бойынша салмақ түсіре бастаса, ол өте қауіпті. Қалыпты өмір сүре отырып, кем дегенде 5 келі салмақ түсіру бұл қатерлі ісіктің бірден-бір басты белгісі. Көбіне бұл ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдықтыру мүмкін. Нәтижесінде ауру көзге байқалмай асқынып, өлімге әкеледі. Ісіктің төртінші басты белгісіне тоқталсақ, ол – мойынның үнемі ауыруы. Әсіресе, ол түнде жатар кезде байқалады. Басты бұрғанда немесе еңкейгенде мойын ісініп тұрған сияқты болды. Және ол ауыру ешбір жақпа майдың көмегімен кетпейді. Мойын қатерлі ісігі осылай басталады да, мойындағы ісік бірнеше сантиметрге өсе береді», – деп ескертеді Сатиева.

Сондай-ақ, онколог несеп шығару проблемалары байқалған жағдайда дәрігерге көрінуге кеңес береді. «Қазақстандықтардың көбі мән бермейтін проблемалардың бастысы - несеп шығару жүйесі ауруларына мән бермеу. Әсіресе, ол қан аралас болса немесе несеп шығару кезінде ауырсыну болуын геморрой деп қана ойлайды. Бірақ бұл жағдай міндетті түрде тексерілу қажет. Тік ішегі ісігі кезінде нәжіспен бірге қан аралас іріңді сұйық шығады да іш өте бастайды», – дейді дәрігер. Сондықтан дәрігер дерттің алдын алу үшін жастар болсын, ересектер болсын жылына кем дегенде бір рет скринингтен тексеріліп, шылым, алкоголь сияқты зиянды әдеттерден арылу керектігін айтады.
23 тамыз 2019 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930