Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді қабылдады

BAQ.KZ. Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

«Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды», - деп хабарлады elbasy.kz.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
19 тамыз 2019 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30