Шыңғысхан, Билл Гейтс және Рокфеллер...Сталин соншалықты бай болған ба?
2015 жылы Time журналы адамзат тарихындағы ең бай адамдар тізімін жариялады. Шыңғысхан, Билл Гейтс және Рокфеллер сынды тұлғалар қатырында Сталин де бар. КСРО-да темірдей тәртіп орнатқан басшы соншалықты дәулетті болған ба? Мемлекеттік қолдау Қазір Сталиннің мал-мүлкін сол кездегі бүкіл КСРО-дан бөліп алып есептеудің мүмкін емес. Себебі бүкіл одақ өзінікі еді. Ол пайдаланған баспана, пәтерлер, сарайлар, аспаздар және тағы басқа шығындарды одақтың өзі төлеген. Сталин ел қазынасынан жоғарыда аталған қызметтерге қанша қаражат кететінін де білмеген. Тіпті ол қалтасына ақша да салып жүрмеген. Бір күні Сталин Боржомидағы сарайында грузин таныстарын қабылдаған. Таныстары сұхбат кезінде ақша керектігін жанамалап жеткізген. Сонда Сталин қол астындағы қызметкерлерге бас киімін беріп, ақша жинауды тапсырған. Күзетшілері және үй қызметшілерінің жинап берген ақшасы 300 сом болған екен. Сталинге қажет нәрселердің барлығы алдын ала дайындалып қойылатын болған. Ол ешқандай заттың құнын білмеген. Қызы Светлана Аллилуеваның сөзінше, әкесі 1000 сомды дағдарыстан алдыңғы кездегідей құнды деп ойлап, оған 2-3 мың сом бергенде, "миллион сом беріп жатырмын", – деп ойлайды екен. Жалақысы мен гонарары Мемлекеттің осындай "қамқорлығына" қарамастан Иосиф Виссарионович те басқалар сынды еңбекақы алған. Басында ол қаражат мемлекеттегі орташа жалақыдан 3 есе аз болған, өмірінің соңына қарай жалақысы 10 мың сомға өскен. Мұндай соманы сол кезде, тек атақты профессорлар мен басқа да қайраткерлер алған екен. Алған жалақысын мұқият орап тартпасында сақтаған. Себебі оны жұмсайтын қажеттік те болмаған. Одан бөлек ай сайын гонорар түсіп тұрған. Оның кітаптары КСРО-дан бөлек шетелдерде де басылған. Ақша және жинақ шоттары Сталиннің өлімінен соң оның мал-мүлкі арнайы есептелген. Сонда киім-кешектен бөлек 900 сом жиналған есепшот нөмірі табылған. Ал балаларына 30 мың сом аманат етіп қалдырылған. Бірақ тегі Колесник деген белгісіз тарихшы: "Бұл Сталин байлығының бір бөлігі ғана. Сталин сейфінен қайтыс болғасын 3,5 миллионн сомнан аса ақша шыққан және аталған ақша әр түрлі баспалардан кітаптары үшін түскен гонарарлар екенін дәлелдейтін квитанциялар да болған", - деп жазады.
Massaget.kz
Massaget.kz