Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шынтақ тіреп төрттағандап қанша минут тұра аласыз?

Шынтақ тіреп төрттағандап қанша минут тұра аласыз?

ШÑнÑÐ°Ò ÑÑÑеп ÑÓ©ÑÑÑаÒандап ÒанÑа минÑÑ ÑÒ±Ñа алаÑÑз?Шынтақ тіреп төрттағандап тұру (планка) - ең пайдалы жаттығулардың бірі. Қарапайым болып көрінгенмен, бірер минут бұлай тұрудың өзі қиын. Бұл жаттығуды бұрын-соңды жасап көрмеген болсаңыз, бірден ұзақ тұруға асықпаңыз. Бастапқыда 30 секунд тұрудың өзі жеткілікті. Бірақ 30 секундтан 4 рет қайталағаныңыз жөн. Сонда дене бұлшықеттеріне тигізер көмегі көп болады. Кейіннен біртіндеп уақыт қоса түсесіз. Жаттығудың пайдалы тұстары көп. Әсіресе іштегі майдың кетуіне көмегін тигізіп, арықтауға сеп болады. Арқа мен мойын бұлшықеттерін қатайтады. Бөксе мен аяқ бұлшықеттеріне де пайдалы. Қол мен көкірек бұлшықеттеріне түскен күшті алғашқы минуттардан-ақ байқайсыз. Бастысы - төзімділікке шыңдайды. Барлық бұлшықет үшін пайдалы. Қандай жағдайда жасауға болмайды? •  Бұл жаттығуды жүкті әйелдерге жасауға тыйым салынады. Кейде дәрігерлер керісінше жасауға кеңес береді. Дегенмен жүкті әйелдерге жасауға болмайды.  • Омыртқасы ауырып жүрген жандар да бұл жаттығудан бас тартқаны жөн. Себебі бұл кезде омыртқаға күш түсіруге болмайды.  • Жүйке жүйесі, арқа, мойын мен баста жарақаты бар жандар үшін де шынтақ тіреп, төрттағандап тұруға болмайды. Денсаулығына артық зиян келеді.  • Жаттығуды ішкі ағзасы ауыратын адамдардың жасауына тыйым салынады.  • Түрлі жарақаты бар адамдар толық айықпай жасауға болмайды.

Massaget.kz
08 тамыз 2019 ж. 467 0