ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНБЕЙ ТҰР
Мәжілістің жалпы отырысында М.Қазбекова, Д.Еспаева, А.Қоңыров, Ш.Нурумов, А.Перуашев және басқа да депутаттар Үкімет мүшелеріне депутаттық сауал жолдады. Мәселен, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Г.Қарағұсова Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа жүгініп, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысының төмендігін мәселе етіп көтерді.
«Еңбек ақыны есептеудің қолданыстағы әдістемесі Мемлекет басшысының азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыру туралы тапсырмасын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді», – деп мәлімдеді депутат. Оның байламынша, 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстан экономикасына теріс ықпал етті. Сондықтан «2009 жылы бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай экономикалық еш негізделмеген шама – базалық лауазымдық қызметақы» енгізілген. Бұл шаманың мөлшері 2011 жылы бекітілген, содан бері 7 жыл бойы өзгеріссіз қалуда. Осыған байланысты депутат базалық лауазымдық қызметақыны заңмен бекітілген ең төменгі айлық жалақымен ауыстыруды ұсынады.
Нұротандық депутат О.Шишигина вице-премьер – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевке қайырылып, орман өсіру, пайдалану және күзету мәселелеріне тиісті мемлекеттік органдар лайықты көңіл бөлмей отырғанын айтты. «Жергілікті әкімдіктердің жұмысы қанағаттанғысыз болып қалуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктерге берілген 123 орман шаруашылығы мекемесінде жүргізген талдау көрсеткендей, осы жылдарда жергілікті биліктер орман шаруашылықтары жағдайын жақсарту шараларын қабылдамаған деуге болады. Орман мекемелері қалдықты қағидатпен қаржыландырылады. Материалдық-техникалық жарақтандырылуы тек нормативтің 64 пайызы деңгейінде ғана», – деді депутат.
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі
Г.Бижанова «қатаң импорт» мәселесінде Еуразия экономикалық одағында ел ұстанымын айқындау үшін Үкімет шешімін жедел қабылдау және ел аумағында әділ бәсекені дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігіне Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтің назарын аудартты.
«Қазіргі уақытта Мәжілісте «Кейбір заңнамалық актілерге зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралуда. Заң жобасы бойынша жұмыс аясында бизнес құрылымдардың, ғылыми және судьялар қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ зияткерлік құқық саласындағы халықаралық сарапшылар «қатар импортпен» байланысты тауар белгісіне ерекше құқықты алып тастау проблемасын көтерді. «Қатар импорт» дегеніміз – одақ аумағынан тыс жерлерде азаматтық айналымға заңды енгізілген, құқық иеленушінің рұқсатынсыз өнімдерді Еуразия одағы аумағына әкелу», – деген депутат «қатар импорттан» 3 жылда елдің ұтқаны көп еместігін айтады.
Нұротандық депутат Қ.Мусин Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа сауалмен жүгініп, Қазақстанның Австралиядан кейінгі әлемдегі ең ірі уран өндірушісі болып отырғанын еске салады. Қазақстандық уран концентраты жаһандық атом энергетикасы қажеттіліктерінің шамамен 40 пайызын қамтамасыз етеді және АЭС жұмыс жасайтын барлық дерлік елдерге жеткізіледі. Сонымен бірге, депутаттың байламынша, «ел Үкіметі өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеткілікті шаралар қабылдамай отыр».
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы және Ғабит Мүсірепов ауданы аумақтарында радиоактивтіліктің ықтимал көзі болып табылатын уран кенорындарының консервацияланған өнеркәсіптік алаңдары орналасқан. 2001-2006 жылдар кезеңінде консервациялауға 250 миллион теңге шығындалды. Алайда СҚО прокуратурасы 2015 жылы жүргізген тексеріс кезінде анықтағандай, аталған алаңдарды консервациялау сапасы заңнама талаптарына жауап беруді қойған, ал радиоактивті көздер халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді», – деген депутат СҚО тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауды сұрады.
Айхан ШӘРІП