Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы қазақтар еліміздің сауда әлеуетін арттырмақ

Түркиядағы қазақтар еліміздің сауда әлеуетін арттырмақ

ТүÑкиÑдаÒÑ ÒазаÒÑÐ°Ñ ÐµÐ»ÑмÑздÑÒ£ ÑаÑда ÓлеÑеÑÑн аÑÑÑÑÑмаÒ
Шет елдегі қандастарымызды еліміздің сауда әлеуетіне зор үлес қосатын белсенді мүше ретінде қалыптастыруымыз қажет.

Себебі отандастарымыз өмір сүретін мемлекеттерінің қыры мен сырын толық меңгерген. «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Абуов осындай пікірде. Оның айтуынша, қазақ диаспораларымен іскерлік қарым-қатынасты орнатудың кезі келді.

Ыстамбұлда Түркияда тұратын отандастарымыздың қатысуымен бизнес форумы өтті. «Отандастар» қорының ұйытқысымен өткен шара еліміздің Ыстамбұл Бас Консулдығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Оған шетелде тұратын іскер азаматтар қатысты. Іс-шараның мақсаты – Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Талғат Адуов, «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті:

– «Отандастар» қоры «Қазақ үйі» жобасын іске қосты. Жобаның бір тармағы, шет елде өмір сүретін отандастарымызбен іскерлік ынтымақтастықты нығайту. Бұл – екі тарап үшін де үлкен мүмкіндік. Алғашқы форум Мюнхенде өткен еді. Бұл екіншісі.

«Қазақ үйі» жобасы – болашақта еліміздің сауда әлеуетін арттырумен қатар, шет елде өмір сүретін қандастарымыз үшін табыс көзіне айналмақ.

Фазыл Топлу, Түркия қазақтары қоры төрағасы:

– Түркияда кәсіпкерлікпен айналысатын қазақтар баршылық. Олардың басым бөлігі тері, туризм мен текстиль секілді салаларды жетік меңгерген. Сол тәжірибені Қазақстанда қолдану – үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ елге пайдамыз тиіп жатса, біз үшін үлкен бақыт болар еді.

Серкан Динчтүрк, қазақ-түріктері білім және зерттеу қоғамының төрағасы:

– Тәуелсіздік алғаннан кейін қандастарымыз Қазақстанға орала бастады. Түркияда қалған қандас бауырларымыз қазақ-түрік ынтымақтастығына үлес қосуға тырысып отыр. Біздің қоғам да осы жолда жұмыстар атқарып келеді.

Жиын соңында қандастарымыз көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауаптар алып, ұсыныс- пікірлерін білдірді. Сондай-ақ «Отандастар» қоры «Қазақ үйі» жобасының Түркиядағы өкілін тағайындады.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

24.kz
02 тамыз 2019 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930