Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талғат Адуов: «Қазақ куәлігі» шетелдегі қандастарға берілетін мүмкіндік

Талғат Адуов: «Қазақ куәлігі» шетелдегі қандастарға берілетін мүмкіндік


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетте жүрген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қорын» құруды тапсырғаны белгілі. Соның негізінде қор құрылып, бірқатар іс-шара мен жобалардың ұйымдастырушы болды. Осы ретте, атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер жайлы«Отандастар қоры» КЕАҚ-ның Бірінші вице – президенті Талғат Адуовпен әңгімелескен едік.

- Талғат Мұбаракұлы, әңгімені Отандастар қорының негізгі мақсаты мен міндетінен бастасақ.- «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2018 жылы құрылып, өз жұмысын жобалық кеңсе форматында отандастар үшін қызмет көрсетудің бірыңғай операторы ретінде ұйымдастырып келеді.
Өзіңіз білетіндей, Елбасы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар – шеттегі қандастарымызды жан-жақты қолдау, Қазақстанға көшіп келген ағайындардың бейімделуіне көмек беру және осы жұмыстарды іске асыруда заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Осы тапсырмалар аясында «Отандастар қоры» қызметінің жалпы ұстанымы белгіленіп, 2019-2022 жылдарға арналған Жол картасы жасалды. Біздің мақсатымыз – осы бағдарламаны негізге ала отырып, ұлттық бірегейлікті сақтау, қазақ диаспорасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ықпал ету.
- «Отандастар» қоры Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істейтін шығар?...
- Әрине, «Отандастар қорының» барлық жобасы Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылады. Екі ұйым бірлесе отырып 7 бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
- Сол бағытарға тоқталсаңыз.
- Ең әуелі шетелдік қандастарымызды қолдау және репатрианттарды бейімдеуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу; екіншісі – байланыс-орталығы мен қоғамдық қабылдау жұмысын үйлестіру; үшінші – қоғамдық пікір алмасу алаңдарын құру; төртінші – білім беру жобалары арқылы шетелдегі қазақ диаспораларының балаларына Қазақстанда білім алуға ықпал ету; бесінші – шетелдегі қазақтар арасында қазақ мәдениетін ілгерілету; алтыншы – қандастардың іскерлік әлеуетін нығайтуға көмектесу және жетіншісі – Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы айналасында әлемдегі қазақ диаспораларының бірыңғай құрылымдық жүйесін құру. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
- Айтып отырғаныңыз негізінде шеттегі қандастарға қатысты. Ал елімізге – тариха отанына оралған азамматтарға қатысты қандай шаралар атқарылып жатыр?
- «Отандастар» қорының басты міндеттерінің бірі – бизнесті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер беру және шетелде тұратын отандастарға және тарихи отанына келген адамдарға табыс табу түрінде көмек көрсету тетіктерін құру. Осы жұмыстарды да біз бірнеше бағытқа бөліп қарастырып отырмыз.
- Мысалы?..
- Мысалы, «Отандастар» қоры Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесе отырып, Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары операторларымен әріптестік қарым-қатынас орнатуда. Бұл өз кезегінде түрлі жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану принципін сақтай отырып, демеушілік қаражатты тарту және бейінді ұйымдар мен мекемелерді бағдарламаларға қатысу арқылы жұмысқа тартуға ықпал етеді.
Осы бағытта инновациялық және серпінді жобаларды дамыту саласында отандастарға көмек көрсету бойынша «Зерде» ҰИХ» АҚ-мен өзара ынтымақтастық жасалды. Astana Hub IT жобаларының халықаралық паркі желісі бойынша бағдарламаларға қатысу бойынша көмек көрсету үшін тиісті бизнес үдерістері құрылды;
Отандастар мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығын құру жобасын іске асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен және ШОБ дамыту мәселелеріне көмек көрсету бойынша «El Tiregi» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы» ЗТБ-мен Меморандумдар жасалды.
Бұлардан бөлек «Атамекен» ҰКП, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдарымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен меморандум жасау дайындалып жатыр.
- Сонда, осынша ұйыммен келісімшарт жасасқаннан кейін, қандастарымызға нақты қандай тиімділіктер болады?
- Сұрағың орынды. Қазіргі кезде нақты нәтиже болмаса, көп адам құр келісімшарттарда көңіл бөле бермейді. Сондықтиан да біз осы бағытта жүргізілген жұмыстың нақты нәтижелері қандай болады деген сауалға да жауап іздедік. Мысалы, жоғарыдағы келісімшерт, меморандумдардың нәтидесінде:
Бірінші: ШОБ және бизнес бастамаларды, соның ішінде шетелде тұратын оралмандар мен отандастарға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жинау және талдау. Бизнес ашу үшін қатысу шарттарын, несиелер мен жеңілдіктер алу мүмкіндіктерін талдау;
Екінші: Оралмандар үшін бизнес ашу мүмкіндіктері бойынша «деректер базасын» құру;
Үшінші: Нақты бизнес ашу үшін «отандастарға көмек көрсетудің бірыңғай терезесі» шеңберінде консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
Төртінші: Мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын қалыптастыру.
Бұдан басқа, ынтымақтастық шетелде бизнес-форумдарды Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыруды (қазақстандық экспортты және брендтерді ілгерілету) «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бизнес-миссиялары шеңберінде жоспарланады.
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық аясында «Атамекен» ҰКП бизнес мәселелері жөніндегі байланыс орталығы мен қордың Бірыңғай байланыс орталығы жүйелерін интеграциялау бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
- Талғат Мұбаракұлы, осы жерде қандастарымызға арналған бірыңғай байланыс орталығы жайлы кеңінен тоқталып кетсеңіз?
- Биыл 22 сәуірде отандастардың мәселесін қабылдауға жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Осы жобаны іске асыру бойынша Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының инфокоммуникациялық серіктесі «Қазақтелеком» АҚ болды.
Инфокоммуникациялық серіктес бола отырып, «Қазақтелеком» АҚ байланыс-орталығын ұйымдастыру үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің қажетті спектрін ұсынды. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін Кселл, Алтел және Теле2 мобильді операторларынан келген қоңырауларды тегін болдыру мәселесі пысықталды. Тиісті жұмыстар Билайн байланыс операторы желісі бойынша да жүргізілді.
Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық шеңберінде «Атамекен» ҰКП бизнес мәселелері жөніндегі байланыс орталығының біздің байланыс орталықпен жүйелі интеграциясы жүргізілді. Соның нәтижесінде;
- бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары, барлық бейінді операторлардың бағдарламалары («ҚазАгро» Холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және т. б.) жүзеге асып жатыр;
- «Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар?» тақырыбында 8 мыңнан астам сұрағына жауап алынды;
- бизнеске байланысты туындаған мәселелер бойынша және
- бухгалтерлік, заң қызметтерін және т. б. қызметтерді алу бойынша «Атамекен» ҰКП сайтын пайдалану бойынша кеңестер берілді.
Мұнан бөлек, жобаны дамыту шеңберінде: Интеграция, «Заң» электрондық деректер базасы-заңнамалық актілерді іздеу; Қазақстан азаматтарының шетелдегі қауіпсіздігі және сондай-ақ жедел жәрдем мен көмек көрсету үшін ҚР СІМ әзірлеген «Smart Travel KZ» мобильдік қосымшасы; ҚР ІІМ, ҚР ТСМ көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі деректер базасы жоспарланған.
- Қазақстанға келген және келетін қандастарымыз үшін құқықтық сауаттылық мәселесі де өзекті ғой.
- Иә. Тіпті, біздегі басты мәселе де осы деуге болады. Сондықтан қандастарымыздың құқықтық сауаттылығын артыру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "ҚазГЗУ университеті" АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде практикалық жұмыс аясында бейіндік кафедраларға заң кеңестерін беру мүмкіндігі жоспарланып отыр. Осыған ұқсас қызметті ұйымдастыруды алдағы уақытта Қазақстан адвокаттар одағы да қолға алады.
Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету және нақты көмек көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығында қолда бар барлық көмек түрін шоғырландыру, «оралман» мәртебесін алу, ҚР азаматтығын алу, әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер, мемлекеттік көмек тағайындау, сондай-ақ оралмандар мен көшіп келушілерді жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына және т. б. енгізу тәртібі бойынша консультациялар беру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, жоба тұжырымдамасына сәйкес, Бірыңғай байланыс орталығы интеграциялық және бейімдеу қызметтерін көрсету, уәкілетті органдар үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, отандастарға көмек көрсету үшін шешімдер мен бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі ақпаратты жинау және талдау жөніндегі басты элемент болады.
Басқаша айтқанда, Бірыңғай байланыс орталығы, әлеуметтік жоба бола отырып, ұқсастығы жоқ және интеграцияға бейімделуді және көмекті қажет ететін халықтың бір бөлігі болып табылатын тұлғалардың әлеуметтік-осал санаттарының мәселелерімен айналысады.
Бүгінгі күні байланыс орталығы техникалық режимде жұмыс істейді, бизнес үдерістерді оңтайландыру, жұмыстағы қателіктерді жою, жұмыстың барынша оңтайлы режимін талдау жүргізілуде.
Сондай-ақ, жобаны дамыту шеңберінде «Nur Otan» партиясымен, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы оралмандардың, қиындықтарға тап болған басқа да отандастардың жеке қабылдауы үшін қоғамдық қабылдау орындарын іске қосу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл жоба серіктестердің демеушілік көмегі есебінен іске қосылды және іске асырылып отыр.
- Елбасы тапсырмасында шеттегі қандастарымыздың Қазақстаннан білім алуын арттыру үшін білім квотасын 4 пайызға көтеру тапсырылған еді.?
- Иә, «Отандастар» қорының басты міндетерінің бірі – білім беруді арттыру.
Шет елдерде тұрып жатқан қандастарымызға жыл сайын Еліміздің оқу орындарына бөлініп отыратын квотаның саны 4 пайызға артты. Одан басқа, жыл сайын ЖОО негізінде өтетін дайындық курстарына 1000 орын бөлінген. Осы жылы 992 бала дайындық курсын оқыды. Биыл алғашқы рет қандастарымызға арналып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялық бағдарлама әзірленді. Осы жылдың өзінде 100-ден аса орын бөлінетін болады.
Оның сыртында «Болашақ «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» бірлесіп, Қазақстанға диаспора арасынан студенттерді тарту бойынша 30-дан астам ЖОО қатысатын арнайы сапарлар бағдарламасы бекітілді. Бүгінде Моңғолияға, Ресейде болып, Өзбекстан мен Қырғыстан елдеріне іс сапар жоспарланып жатыр.
Сонымен қатар, дарынды және білімді жастарды тәрбиелеу үшін біз «Umit Fund» коммерциялық емес білім беру қорымен бірлесіп, бағдарламалауды оқытудың ең озық жүйесін пайдаланатын Француз Ecole 42 инновациялық методологиясы негізінде бағдарламалау мектебін құру бойынша жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл жоба елімізде «Alem.ai» деп аталады. Жоба толығымен жеке инвестор – мектептің құрылтайшысы есебінен жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-мен бірлесіп, оқу-өндірістік орталықтар құру жобасын қолға алды. Онда «Қарапайым заттар экономикасы» мамандығына, жаңа технологияларға оқыту және Халықаралық компанияларда, оның ішінде еліміздегі бөлімшелерде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін мамандарды халықаралық стандарттарға сертификаттау қолға алынды.
Ал «Мектеп миссиясы» деп аталытын оқу бітірген соң бірден жұмысқа орналастырылатын ІТ мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Онда ІТ-стартаптарды іске қосуға қажетті мамандықтар бойынша бағдарламашыларды дайындап, оларды алдағы уақытта IT-саласының кадрлық әлеуетін күшейтуге пайдаланатын боламыз. Алғашқы 5 жыл ішінде мектепке қажетті IT-мамандарды екі жыл тегін оқытпақпыз. Әзірше алғашқы лекке 800-ден астам студент қабылданады деген болжам бар.
- Мектеп демекші, шетелде тұрып жатқан қазақтардың мектеп жасындағы балаларына арналған бағдарламалар да бар шығар?
-Әрине, бар. Биылғы жылы, шетелдегі қазақ балаларының Қазақстанда демалуына үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Атап айтар болсам, жыл сайын «Балдаурен» жазғы лагеріне бөлініп отырған квота биыл 2 есе артты (288 орын). Назарбаев Зияткелік Мектебінің негізінде жазғы демалысқа 150 бала және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, ЗЕРЕН-2019 жазғы лагеріне 100 баланы шақыруды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, Қазақстан Темір Жолы және «Самұрық Қазына» Ұлттық әл ауқат қорымен бірлесіп «Туған елге саяхат» жобасына шеттегі қандастарымыздың балаларын қамту үшін 50 орын бөлінуіне қол жеткіздік. еліміздің Сыртқы істер министрлігімен және ҚР БҒМ Балаларды қорғау комитетімен бірлесіп, Қазақстаннан асырап алған балаларға саяхат ұйымдастырмақпыз. Бұл жоба шеңберінде шілде айының басында АҚШ және Еуропа (Испания, Ұлыбритания, Бельгия) елдерінен 50 бала ата-аналарымен бірге Нұр-Сұлтан қаласына келетін болады.
- Елге келген қандастар мәселесіне қайта оралайықшы. Соңғы кезде оралман куәлігі, ықтияр хат алу мәселелері ушығып бара жатқан секілді?
- Рас, кедергілер жоқ емес. Біз қазір соны жою жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Сол үшін қандастарды заңнамалық сүйемелдеу шаралары қатар жүргізілуде. Қабылданатын заңнамаға «Поляк картасы», «Түркияның «көк картасы» секілді «Қазақ куәлігі» құжатын енгіземіз. Бұл куәлік шетелдегі қазақтарға қазақстандық азаматтармен бірдей, сайлау және сайлану құқығынан басқа, Қазақстан территориясында емін-еркін жүріп-тұруына, бизнеспен айналысуына, меншік иесі болуына, заңды түрде жұмысқа тұруына, тегін білім алуына, медициналық қызмет жүйесін қолдануға толық мүмкіндік туғызады.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың 16 наурызында тарихи отанына келген, бірақ азаматтық алуға үлгермеген «оралман» мәртебесін ұзарту акциясы басталды. Оралмандарға Қазақстан азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу құқығы берілген. Қазіргі таңда, Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «оралман» мәртебесін ұзартудың жеңілдетілген тәртібі бойынша акция жүріп жатқанын айта кетейін.
Оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады. Ал қазір азаматтық алып үлгермеген этникалық қазақтарға акция шеңберінде "оралман" мәртебесі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартып алуға мүмкіндік бар.
- Оны қалай жүзеге асыра алады?
- «Оралман» мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен азамат өз облысының немесе республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «оралман» мәртебесінің мерзімін ұзарту бойынша оңайлатылған тәртіппен өтініш бере алады.
- Шеттегі қандастарды рухани қолдау жағы қалай жүргізіледі?
- «Отандастар» қорының бағдарламасында бұл мәселе де шет қалмады. Бұл ретте жергілікті қоғамдық бірлестіктерінің базасында «Qazaq Yui» Қазақтың ұлы мәдени-іскер үйлер желісінде «Абай» мәдени орталықтары мен «Атамекен» іскерлік үйлерін ашу арқылы, кез келген адамға қазақ мәдениетін, әдет-ғұрыпын және тілін үйренуге мүмкіндіктер жасау жұмыстарын атап өткен жөн. Осындай қазақстандық мәдени және іскерлік үйлердің аясында қазақ халқының ұлттық жаңғыруы мен шет елдерде тұратын этникалық қазақтардың жан-жақты даму мәселелеріндегі ынтымақтастық арта түсетіні сөзсіз.
Қазақ халқының мәдениетін, әдеби және рухани құндылықтарын сақтау мақсатында «Qazaq Yui» Қазақтың ұлы мәдени-іскер үйлерін ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен, өнімдермен, әдебиеттермен, оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады. Ал Қазақстанда сатылатын отандық тауарларды және отандастарымыздың бизнес-бастамаларын қолдау мақсатында «Атамекен» бизнес-үйін дамытатын боламыз. Қазақтың ұлы мәдени-іскер үйлері халықтық дипломатия принципімен қазақтар арқылы бизнес идеяларды тікелей ілгерілетушісі болады.
- Әңгімеңізге рахмет.
- Өзіңе де рахмет, осы сәтті пайдалана отырып, қандастарымыз Байланыс-орталығына кез келген сұрақтар бойынша төмендегі байланыс түрлерімен хабарласуға болатынын айта кеткім келеді.
1404 (барлық Қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін)
8 800 080 1404 (барлық Қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін)
+7 (7172) 981404 (барлық Қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)
8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалар үшін)
E-mail: komek@oq.qov.kz
Skype: komek@oq.qov.kz
12 маусым 2019 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930