Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » NU студенттері Барселонадағы халықаралық жарыста жеңіске жетті

NU студенттері Барселонадағы халықаралық жарыста жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Castelloli Smart Scooter Challenge жарысы Parkmotorde Castelloli жарыс алаңы орналасқан, Испанияның көрікті аймақтарының бірі – Castelloli қалашығының жанында бір апта бойы өтті. Бұл туралы Назарбаев университетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Инженерия мектебінің екінші курс студенті Ерсұлтан Баймұхан мен Мақсат Ануарбек, Ғылым және технология мектебінің түлегі – Сұлтанмурат Елеу және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің екінші курс студенті Ақмарал Қалманбаева құраған NU TEAM Назарбаев Университетінің командасы self-made өздігінен сырғанайтын электрлі құрал (Smart Scooter) жобасымен қатысты. NU TEAM төрт айдан аса уақыт бойы Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің базасында жұмыс аты SteelG деп аталатын прототипті әзірледі және тестілеуден өткізді.

Өздігінен сырғанайтын электрлі құралдың прототипінің техникалық сипаттамасы ірі әлемдік өндірушілердің аналогтарына сәйкес келеді, мобильді конструкциясы оны жинау мүмкін болатындай етіп жобаланған, SmartApp – қосымшасы жылдамдығы мен батареяның қуатын бақылауға мүмкіншілік береді және моторды іске қосуға арналған электронды кілт қызметін атқарады, бұл айдап әкету тәуекелін елеулі төмендетеді.


Назарбаев Университетінің зерттемесі нөсер жауын жағдайында ылғалдан қорғауды, тежеу жүйесін, ұшқыштың қауіпсіздігін, габариттік сипаттамаларын тексеру сияқты статикалық сынақтардың барлығынан сәтті өтті. Одан кейін команда динамикалық сынақтарға жіберілді. Мобильді қосымшаны әзірлеуші, әрі ұшқыш -Сұлтанмұрат университеттегі жасанды алаңда, ал содан кейін жарыс өтетін күннің алдында алаңда жаттықты, бұл оған жарыста табысқа жетуге мүмкіншілік берді.


Castelloli Smart Scooter Challenge-де қатысушылар тек өздерінің инженерлік зерттемелерін ұсынып қана қоймай, бизнес-жоспарларымен де таныстырды. Ақмарал Қазақстан нарығына егжей-тегжейлі талдау жүргізді және төрешілер алқасының бағалауы бойынша NU TEAM бизнес-жоспары барынша пысықталған және жүзеге асыруға жақын болып шықты.
Іріктеу кезеңінде Castelloli Smart Scooter Challenge талаптарын командалардың барлығы бірдей орындай алмағандығын және финалға шыға алмағандығын айта кету керек. Барлық сынақ (статика, динамика, бизнес-жоспар, дизайн, финалдық инженерлік-конструкторлық есеп) қорытындылары бойынша NU TEAM өздігінен сырғанайтын электрлі құралы Smart Scooter санатында жарыстың барлық номинацияларында жеңіске жетті.
Команда жақын болашақта жобаны коммерцияландыруды және Назарбаев Университеті Инновациялық кластері бизнес-инкубаторының жоғары технологиялы стартаптарды ерте кезеңде қолдау жөніндегі төрт айлық бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр. Балалар коворкингте кеңселік кеңістік алады, тәжірибелі менторларға қолжетімділікке ие болады, бұдан кейінгі зерттемелер үшін техникалық қолдауға қол жеткізеді және бизнестік білім негіздерін меңгереді.
 
02 тамыз 2019 ж. 569 0