Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызым, саған айтамын...

Қызым, саған айтамын...

"Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда" дейді үлкендер. Сөйтеді де, шамалары келгенше қыздарға қырық үйден тыйым жасап жатады. Біз мұнда көпті көріп, көп жасаған жасы үлкендер тарапынан  әйел адамдарға айтылатын кеңестерді ұсынғалы отырмыз. Тек "айтқан екен" деп қана қоя салмаңыз, кедергісі жоқ кеңестерді керегіңізге жаратыңыз!
Өзіңнің әйел болып туғаның үшін қуануың керек. Өйткені сенің қырық жаның бар! Бірақ жолыңның жіңішкелігін де ұмытпағайсың! Жиі айналысатын сүйікті ісіңді арттыра түс. Сонда ғана өзгенің өміріне қол сұғуды доғарасың. Егер күтпеген кездесуде әдемі болып көрінгің келсе, үнемі әдемі болып жүруің керек. Тіпті қолыңда қоқыс жәшігі болса да... Әдетке айналған нәрсе тағдырмен астасады.  Қолыңа ине алып, өзіңе жарасымды киім тігіп киіп ал. Сырт көз  "Оның шебер тігіншісі бар" немесе "Ол қымбат жерден киінеді" деп айтсын.
Ақша таба білмесең де, тауып берген ақшаны тиімді жұмсауды үйрен!
Бағыңды бес елі ететін бала тәрбиеле! Әлеуметтік жағдайың жақсы болмаса да, киім гардеробыңда тым болмаса, бір тон мен екі жұп аяқ киімі болуы керек. Өз үйіңде қалауыңша тоныңды тазалай бер: жу, сүрт, шаңын қақ. Тек мұны өзгенің үйіне барғанда жасаудан аулақ бол! Жай ғана шеш те, іліп қой. Оның қымбат екенін үй иесі сен айтпай-ақ, табалдырық аттағаныңнан-ақ біліп алған.  Барар жерге ерлер дәл уақытында баруы керек. Тек сен 10 минутқа болса да кешігуіңе болады. Бірақ 10 минутың 45 минутқа созылып кетпесін. Ондай кезде кешірім сұрауды ұмытпа. Өзіңе ұнайтын жаннан бас тартуға асықпа. Ерлердің айналасы - толған сұлу әйелдер. Еріңнің жанында тек оған ұнайтын қылықты ғана жаса.  Көз жасын көлдету - әйел адамдардың басты қаруы. Тек бұл қаруды үнемі пайдалана берме. Егер нақты сұраққа жауап бергің келмесе, жай ғана жымия сал!  Өрбіп жатқан әңгімеден түк те хабарың болмаса, ауызға құм құйып отыра берсең, ұтасың! Өз қадіріңді біл! Тек оны атап айтпай-ақ қой!

Massaget.kz сайты
31 шілде 2019 ж. 1 141 0