Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Ақлақ пен Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Ақлақ пен Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысты

ÒÑзÑлоÑда облÑÑÑнÑÒ£ ÓкÑÐ¼Ñ ÐÒÐ»Ð°Ò Ð¿ÐµÐ½ ÐөкаÑал ÑÑ ÑоÑпалаÑÑнÑÒ£ жұмÑÑÑмен ÑанÑÑÑÑ
АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданына жұмыс сапары барысында Ақлақ және Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысып, балық өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақлақ су тоспасы 2006 жылы пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда су тоспасы Сырдария өзенінен келіп жатқан суды Ақлақ су тоспасына дейінгі орналасқан көлдерге, шабындықтарға, каналдар арқылы жіберу үшін пайдаланылуда.

Ал, Көкарал су тоспасы 2005 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Су тоспасын салу нәтижесінде теңіздің құрғаған ұлтанын ауданы 870 шаршы метрді құрайтын су басты. Теңіздегі судың көлемі 11,5 текше метрге ұлғайды, ал судың минералдылығы 23-тен 17 г/л дейін азайды.

Бүгінгі таңда теңізде 24 балық түрі кездеседі, оның 13 түрі балық түрі жақын және алыс шет елдерге экспортталуда.

Өткен жылдың соңында аталмыш өнім түрлері Қытайға экспорттала бастады.

Сонымен қатар, өңірде жылдық қуаты 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 2 зауыт еврокодқа ие болды. Бүгін пайдалануға берілген «Жалғасбай» ЖШС зауыты - аймақтағы 9-балық өңдейтін кәсіпорын.

Айта кету керек, соңғы бес жылда өңірдегі балық экспортының көлемі 9 есеге артты.

Облыс балық өндіру және өңдеу көлемі бойынша 3-орын алады. Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар да қарастырылған.

Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында Қызылорда су торабын жөндеу көзделген. Соның нәтижесінде оның апаттылық проблемасы шешіледі. Аталмыш жоспар аясында «Күміскеткен» мен «Қараөзек» су қоймаларының да құрылысы жүргізілетін болады.

inform.kz
26 шілде 2019 ж. 565 0