Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық

Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық


Әжем Халқымыз «Ата-бабамыз «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық» деп бекер айтпаған. көрші Қуансақ қызығымызға ортақтасып, қысылтаяң шақта қасыңнан табылады. Көршіге арнайы уақыт бөліп, мұң-мұқтажын, сырын тыңдап, керек жерде ақыл да айта білу керек. Сол себепті қамшының сабындай қысқа ғұмырда әуелі көршімен тату-тәтті, сыйластықта болыңдар» деп жадымызға құйып отырады. Әжемнің ғибратқа толы осы бір сөздері бізге өмірлік азық.

Қазақ «Көрші ақысын – Тәңір ақысы» деп біліп, құдайы қоңсысына ерекше құрмет көрсетіп, қадірлеген. Қазір де осындай сыйластықтан, салт-дәстүрден жаңылдық дей алмаймыз. Әсіресе көршімен қарым-қатынас ауылдық елді мекенде өз биігін жоғалтпаған. Десек те, қым-қуыт тірліктің жетегінде жүріп, арасында қоңсымызға жиі назар аудара бермеуіміздің сыры неде? Осы тұрғыда психолог Лаззат Төлешованың пікірін білген едік:
– Көршілер арасында бір-бірін жақсы түсінетін, ұнатпай, жек көретін де жандар кездеседі. Егерде өзгелер еш қиналмай сіз туралы оң пікір қалыптастырсын десеңіз, айналаңызға жылы жүзбен қараңыз, позитивті көзқараста болыңыз. Көршінің тарапынан қандай әрекет күтсеңіз, алдымен соны өзіңіз көрсете біліңіз. Көршімен күліп амандасып, көңілін көтеру үшін сыйлық та беріп тұрған абзал. Ол ең алдымен сүйіспеншілікті оятып, көре алмаушылықты жояды. Өзіңізге не тілесеңіз, көршіңізге де жақсы нәрсе тілеңіз, сонымен қатар керек жерде қол ұшын беріп, көмегіңізді аямаңыз. Ол көршілер арасын жақындатып, өзара сыйластық, бауырмалдық тудырады. Тағы да айта кететін мәселе – сөзбен немесе іспен еш зиян келтірмеу және әрқашан кешіріммен қарау. Бұл да көршіңіздің сізге деген құрметінің артуына септігін тигізері анық, – деді. Халық арасында «Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның» деген тәмсіл бар. Асыл дініміз исламда «көрші» туралы көп айтылған. Осы тұрғыда Алғабас ауылындағы «Шәймерден ата» мешітінің имамы Еркін Әлкебаев біраз мағлұмат берді.
– Көршілер жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған. Көрші ақысын беру жайлы Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі үлкен өнеге көрсеткен. Пайғамбарымыздың жолына қоқыс төгіп, тікен тас­тап жәбір көрсететін яһуди көршісі болған. Бір күні әлгі кісінің бұл әрекеті сейіліп қалады. Содан ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) ауырып қалған жоқ па екен деп, оның хал-жағдайын сұрап барады. Сол сәтте өзінің күнделікті қиянат жасап, зәбір көрсетіп жүрген адамынан мұндай жақсы қарым-қатынасты күтпеген көршісі тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болады. Көршіге жиі бас сұғып, қиыншылығы болса көмегіңді аямау, қарайласу – имандылықтың белгісі. Сол себепті қазақ жақсы көршіні «Құдайы көрші» деп атаған. Ислам дінінде көршіге залал, зиян келтіруге тыйым салған. Дүние қызықтарына алданып жүріп, қоңсы ақысын жіберіп алмауымыз керек. Айта берсек, исламда көршілер туралы мысалдар өте көп. Соның барлығы көршімен жақсы болуға насихаттайды.

Фариза
КЕНЖЕШОВА

16 шілде 2019 ж. 5 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930