Шет тілінде сөйлеу үшін...
Ағылшынша бәріміз бірден сөйлеп кетпейтініміз анық. Өйткені, шет тілінде еркін сөйлеу үшін ұзақ мерзімді тәжірибе керек. Ал, тәжірибе алу үшін адам өз бойындағы қорқыныштиы жеңе алуы шарт. Ағылшын тілін үйреніп жүргеніне бірнеше жылдар өтсе де, сөйлеуден қорқатындар қатары бар.
Есте сақтаңыз, сіздің тілдік қателігіңіз, акцентіңіз өзгелер үшін маңызды емес. Сіз қазақша сөйлеуге тырысқан шетелдік азаматты құрметтейсіз ғой. Сол секілді ағылшын тілінде сөйлей алмағыныңыз үшін сізді ешкім сөкпейді.
Өзіңізді жеңіп, ағылшын тілінде сөйлеу қиын. Бірақ, онсыз тағы да болмайды. Ағылшын тілін не үшін үйреніп жүргеніңізді естен шығармаңыз. Егер болашақта іске асырғыңыз келсе, теорияны қойып, тәжірибеге өтетін уақыт келді.
Не істеу керек?
Сенімді түрде әңгімені бастау үшін бар грамматиканы жаттап алудың қажеті жоқ. Міне, бастапқы кеңес:
• Осы шақ: Present Simple, Present Continuous, Present Perfect.
• Өткен шақ: Past Simple. • Келер шақ: Future Simple и конструкция be going to.
• Модальды етістіктер: have to, must, can, may, might, should.
• Салыстыру сын есімдері.
• Уақыт, орынды көрсететін есімдіктер.
Pre-Intermediate деңгейінде біліміңіз болса, демек, бұл тақырыптар бойынша қиындық тумауы шарт. Ендігі тек сізбен еркін тілдесетін адамды табыңыз да, уақытыңызды текке құртып алмаңыз.
Егер қателессеңіз, керек сөзді ұмытып мүдірсеңіз ештеңе етпейді. Бастысы алғашқы қадамды жасадыңыз.
massaget.kz