Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су бетіндегі жаттығу

Су бетіндегі жаттығу

Ð¡Ñ Ð±ÐµÑÑÐ½Ð´ÐµÐ³Ñ Ð¶Ð°ÑÑÑÒÑ Ð·Ð°Ð»ÑТуриннің Carlo Ratti Associati дизайн және инновациялық студиясы Paris Navigating Gym жобасын ұсынды. Бұл – су бетінде жаттығу жасауға арналған қайық. Ал қайықтың қозғалысы жолаушылардың дене шынықтыруы кезінде бөлінетін энергиямен қуаттандырылады. Қайық Сене өзенінің бойымен жылжиды. Paris Navigating Gym – жиырма метрлік қырық бес адамды қамтамасыз ете алатын қайық ішіндегі жаттығу залы. Қайық іші Technogym-нің Artis жарықтарымен жабдықталған, энергияны сақтау арқылы көлікті жүргізуге арналған бағдарламамен жүзеге асады. Су бетінде жүзетін дене шынықтыруға арналған қайық қаланы аралып шығуға да мүмкіндік береді. Бірақ сіз әрдайым қозғалыста болуыңыз керек. Салауатты өмір салтын сақтайтын жолаушыларға арналған қайықтың терезелері арнайы дисплеймен безендірілген. Ол тек сән үшін емес, денелерін қыздыруға, шынықтыруға келген адамдар үшін ақпарат беруге арналған. Яғни қанша энергия жұмсады, ол энергия қалай пайдаға асып жатыр – барлығы дисплейден көрініп тұрады. Қайық күндіз панорама үлгісінде қаланың барлық тұсын анық әрі ашық көрсетсе, кешкісін жолаушылар үшін кеш өткіузге арналған таптырмас жер бола алады.

Massaget.kz
23 маусым 2019 ж. 769 0